Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз
2018 жылдың 13 наурызы күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатына №1 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Аталмыш шарада оқушылар шығармашылық жағынан бейқам емес екендіктерін көрсетіп бірі мақала, бірі өлең оқыды. Тәрбие сағаты ойдағыдай қызықты өтті. Адамгершілік, шыншылдық, әділдік хақындағы мақал-мәтелдердің жалғасын табуда да мүдіріп қалмады. Белсенді оқырманымыз Нұрасыл Арыстанбеков ұлттық рухты көтеретін жүрекжарды өлеңін оқып, көпшілікті тәнті етті.