Табиғат - менің байлығым

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың  4 маусымда дүниежүзілік қоршаған орта және эколог күніне орай «Табиғат -  менің байлығым» атты тәрбие сағаты  ұйымдастырылды. Кешімізге   4 - 5 сынып оқырмандары қатысты. 

            Мақсаты : оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екендігін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді , құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.

          Тәрбие сағатында кітапханамыздың тұрақты да, өнерлі оқырмандары өз өнерлерін көрсетті. Кешімізде тақырыпқа сай кітап көрмесі және «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері табиғатқа байланысты  жасаған туындылары көрермен назарына ұсынылды. Сонымен бірге оқушыларымыз табиғатқа байланысты көрініс және  билерін, тақпақтарын сонымен қатар ақын оқырмандарымыз өздерінің шығармасынан табиғатқа арнаған өлең жолдарын жолдады.

           Табиғатты қорғау – табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен – кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

20160607_162519 20160607_164701 20160607_164747