Тарихта қалған тағдырлар
2016 жылдың 31-мамырында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Тарихта қалған тағдырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбандары мен зардап шегушілерге құрмет көрсетіп, еске алу белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру. Сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үңілу. Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Саяси қуғын – сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қала бермек.
Осы атаулы күнге ұйымдастырылған кітап көрмесіне кітапханамыздың оқырмандары келіп қатысты. Өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды.
Жыл сайын өтетін бұл атаулы мерекенің болашақ өскелең жастарға берер тәрбиелік мәні зор.