Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс

9 – мамыр Ұлы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, кітапхананың «Білім» орталығында «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

Тарихи-танымдық кешке мектеп оқушылары мен әскери бөлімдердің сарбаздары қатысты. Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру; елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу;

Сондай-ақ кеште Ұлы Жеңіс күні туралы бейнефильм көрсетіліп, кітапхана қорынан «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс » тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.