Өтен Ахмет
Шығармалары
Автор бұл жаңа романында өмір мен өнер мәселесін қозғайды. Темір жолдың қос табанындай ешқашан бір-бірінен ажырамай қатар жүретін ащылы-тұщылы өмір мен оның өнер атты айнасының қоғамдағы сан қилы шарпысулары мен табысулары бар ғұмырын қалам еңбегіне арнаған басты кейіпкер Төтемнің ой-толғамдары арқылы суреттеледі. Қоғамдағы кейбір адами қайшылықтардың ұлтымызға тән еместігіне, сырттан күштеп таңылған бұрынғы қиын тағдырымыздан қалған сарқыншақ екендігіне назар аудартып, оқырмандарды кемелді азаматтың тірліктегі басты миссиясы- бірлік пен татулық, өзара сыйластық және шынайы махаббат пен отбасының тұтастығы үшін күресе білуі деген ұлағатты ойға жетелейді.