Тіл- ұлттың жаны,асыл қазынасы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай «Тіл- ұлттың жаны,асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарды өз тілін құрметтей отырып, үш тілді яғни қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін жетік меңгеруге шақыру.
Көрмеге тіл қадірі- ұлт мерейі демекші тілімізді жетік меңгеруге арналған кітаптар қойылды. Өзге тілді үйренудің жолдарын бағыттайтын кітаптар да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар тілдер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлерден «Тіл- ұлттың жаны, асыл қазынасы», «Қазақстан Елінің Тәуелсіздігіне-25 жыл » атты тақырыпта диктант жазу ұйымдастырылды.
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Оқырмандарға қызмет
ету бөлімінің кітапханашысы:
А.Исманбетова