«Тіл мерекесі-ел мерекесі»
2017 жылдың 21 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл мерекесі-ел мерекесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс- шараға № 2 мектептің 8 сынып оқушылары( өзге ұлт өкілдері ) қатысты.
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.
Іс- шара барысында қазіргі заман талабына сай үш тілді жетік меңгеру керек екендігі жайлы түсіндіріп, оқырмандар назарына «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.