«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
2018 жылдың 11 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына байланысты,кітапхана директоры П.С.Кенжебекова кітапханашылар арасында кезекті жолдауды талқылады.
Жолдауда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті дамыту,агроөнеркәсіп кешенін дамыту,көлік-логистика тиімділігін арттыру,заманауи технологияларды құрылысқа және коммуналдық секторға енгізу,қаржы секторын жанғырту, адами капитал жанғыру,мемлеккеттік басқару,жемқорлықпен күрес,ақылды қалалар сияқты 10 міндет қойылды. Аса жауапты сәтте бірліктің сақталуының маңыздылығын, сондай-ақ барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтілді. Бұл Жолдау елдің ертеңіне қызмет ететін маңызды құжат, ертеңгі күнге деген сенім көзі, тұрақтылықтың кепілі
Еліміздің алдағы жылдарда дамуының нақты бағыттары көрсетілген тарихи құжатта айтылған әрбір жобаны қолдап, абыроймен атқару барлық ел азаматтарының басты міндеті. Енді бізге жүктелген мәселе сол бағыттарды халыққа жеткізіп, яғи кітапхана оқырмандарына насихаттау, түсіндіру, насихат жұмыстарын қолға алу. Ал, кітапханашылалырдың осы тұрғыда мақсаты – жаңа жолдауды қолдай отырып, әр оқырманның жүрегіне жеткізу, сапалы ақпараттық қолдау көрсете отырып, білімін жетілдіру болып табылады.
Кітапхана қызметкерлері Ш.Козыгельдиева, Айтжанова М, У.Джентинбаева жолдау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Кітапхана директоры П.С.Кенжебекова Елбасының халыққа жолдаған жолдауын кітапханашыларға кітапхана оқырмандарына насихаттауды тапсырды. Жолдаудың басқа да өзекті тақырыптары жұртшылық назарына ұсынылып, кітапхана қызметкерлері жолдауды бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
Осы жолдауды кеңінен насихаттау мақсатында кітапханада жыл көлемінде «Елбасы жолдауы-халықтың қолдауы» атты кітап көрмесі құрылды.