«Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы»

2017 жылдың 28 қарашасында 1-желтоқсан Президент күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.

Танымдық сағат «Балақай» балабақшасының балдырғандарының көзайым болуымен өтті. Балалар тұңғыш елбасы жайында қомақты мәліметтер алды. Елбасы, Отан тақырыбындағы өздері білетін өлең-тақпақтарды айтып, патриоттық рухтағы «Ағатайым» әнін  орындап берді. Арнайы әзірленген слайд арқылы Президент күні тарихымен танысты.

Сондай-ақ, балалар бөлімінің түрлі форматтағы танымдық кітаптарымен танысып, «Атамұра» орталығындағы ұлттық нақышта безендірілген бұйымдар жайында да көптеген мағлұматтар алды. Балалар тәрбиешілерімен бірге естелікке суретке түсіп, кітапханадан жайдарлы көңіл-күйде тарқасты. Сондай-ақ  кітапханада  ««Елбасы сенімі- ел сенімі» атты кітап көрмесі, «Ел үшін туған азамат» презентация ұйымдастырылды

2 3 4 5 6 7