Тұңғыш қазақ – ғарышкері

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 27 шілдесінде қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры , Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы , техника ғылымының докторы , профессор , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессорыТоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тұңғыш қазақ - ғарышкері» атты көрме ұйымдастырылды.  Көрмеге  1 – 4 сынып оқырмандары қатысты.

          Басты мақсатымыз –  оқырмандарға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүргенғарышкер атамыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер беру. Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып,  өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

          Көрмеге ғарыш туралы және  өмірбаяны жайлы  материалдар және қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар қойылып, оқырман назарына ұсынылды. Қатысқан оқырман саны – 15 бала.

20160727_115442 20160727_115528