Алақай! Жаңа кітаптар келді

М.Мақатаев. Жүрек арызы.

 

Мұқағали Мақатаевтың бұл жинағына оның таңдамалы өлеңдері іріктеліп алынды.

Ақын жырларын сүйсіне оқитын қалың оқырман қауымның талап-тілегіне сай кітап қайта басылып отыр.

С.Торайғыров. Шығармалар жинағы.

 

Бұл жинаққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) шығармалары – «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмалары, өлеңдері және ақынның өмірі мен шығармасын зерттеген қосымша әдеби және әдістеме­лік материалдар енгізілді. 

Оқушы ақынның шығармаларын кеңінен түсініп қана қоймай, Сұлтанмахмұтты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, өз заманының ағартушы, қоғам қайраткері ре­тінде танып, біледі.

Кітаптың кіріспесі Өмірхан Әбдиманұлының ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеген мақаласымен бас­талады. Жазушылар Серік Қирабаев, Әбіш Кекілбайұлы, Дандай Ысқақұлының С. Торайғыровтың шығармашылығы мен өмірін зерттеген мақалалары да енгізілген.

Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, ли­цей­лердің оқушыларына, жоғары оқу орындарына түсетін талап­керлерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға арналады.

Сұлтан Қалиұлы. Бақыт құсы.

 

Балаларға арналған қызықты оқу кітабы.

Әділ Балта. 33 мысал.

Бір Кітап келесі Кітапты көріп:
- Ой, неткен сұлусың-ей!... Сені суретші емес, пері безендірген болар. Мені қарашы, түрім де, түсім де қораш... Тіпті, халыққа көрінуге ұят, - деп ішегін тартты.
- Ой, досым-ай, түрде, түсте тұрған не бар дейсің? Ішкі дүниең сұлу болмаса, пайдасы не? Ертең қоқыс жәшіктен бір-ақ шығамын ба деп зәрем жоқ...- деп анау күрсінді.

М.Жаманбалинов. Алма ағашы.

 

Бұл кітапқа ақынның балаларға арналған өлеңдері, ертегілері, жұмбақтары, жаңылтпаштары топтастырылған.

Әліпби. Жыл мезгілдері.

 

«Анаммен бірге  оқып үйренемін» - 5 – 7 жасар балаларға арналған топтама. Топтама әріп және дыбыстармен таныстырып қана қоймай, буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырады. Ойлау қабілетін арттырады. Әрбір кітап қызықты және танымдық тақпақтардан, жаңылтпаш пен жұмбақтардан, өтірік өлеңдерден, әңгіме мен ертегілерден  тұрады.

Макдональд Дж. Золотой ключ.

 

С тех пор, как сказочная повесть «Золотой ключ» шотландского писателя и священника Джорджа Макдональда (1824–1905) впервые увидела свет в 1860 г. в составе его сборника рассказов «Dealing with the Fairies», она издавалась в разных вариантах отдельной книгой, иллюстрированной как полностью, так и частично. Однако впервые метафизические основы этой сказки, вошедшей в золотой фонд британской детской литературы, переданы настолько хорошо, как в настоящем издании. Благодаря рисункам в технике скретчборд иллюстратору Руф Сандерсон удалось мастерски воплотить волнующую образность света и тени, такую значимую для этой истории.

Смыслы, заложенные автором в его удивительное произведение, неисчерпаемы, потому что он намеренно не раскрыл его явного значения. «Золотой ключ» можно прочесть как реалистическую повесть, в которой присутствуют странные фантастические вкрапления. Можно читать это произведение и как полную магии сказку, содержащую моральные аспекты и глубокий религиозный подтекст. И наконец, можно прочитать эту историю как метафору о жизни и смерти.

«Золотой ключ» — это тайна, которую по-своему открывали и познавали несколько поколений британских детей. Теперь и у наших юных читателей есть возможность отправиться в созданную Джорджем Макдональдом Волшебную страну, мир магии, чудес и приключений, и отыскать свой Золотой ключ, который поможет прочувствовать неисчерпаемую красоту и чудо нашего мира и нашего существования.

Волшебные сказки мира.

 

Эта книга для семейного чтения. В ней собраны лучшие сказки самых известных выдумщиков и фантазёров планеты – Ш. Перро, Х. К. Андерсена, братьев Гримм,В.Гауфа. 

Трогательные и поучительные истории, имеющие обязательно счастливый конец, воспитают в ребёнке человека с добрым сердцем, разовьют в нём чувство прекрасного, научат жить в гармонии с окружающим миром. Красочные иллюстрации сделают путешествие в сказку волшебным и незабываемым, помогут подружиться со сказочными героями. Общение с книгой подарит счастливые минуты и взрослым и детям.

Сен білесің бе? Энциклопедиясы.

 

"Сен білесің бе?" - мектеп оқушыларын ата тарихымызбен,Ұлы Дала өркениетімен, ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен әрі тарихи ұлы тұлғаларымызбен таныстыра отырып, көптеген құпия жайттар мен тарихи оқиғалардың, табиғи құбылыстардың сырын түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақ.

Батырлар туралы ертегілер.

 

Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады. Бабаларымыздың тұрмысымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мұқабасы қатты, көркем суреттермен безендірілген бұл жинақтар кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектерге, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне де арналады. Ертегі жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.