Алақай! Жаңа кітаптар келді

Орманда. В лесу.

 

Балаларға арналған қызықты басылым.

А.А.Иващенко. Қазақстанның өсімдіктер әлемі.

 

Қазақстанның өсімдіктер әлемі – республикамыздың негізгі ландшафт аймағында сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі туралы мәлімет беретін басылым. Көркем безендірілген бұл энциклопедия өсімдіктердің 150-ден аса түрі жайлы мағлұматты қамтиды, бұлардың кейбіреулері Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Басылым мектеп жасындағы балалар мен көпшілік қауымға арналған.

Харрис Дж.Ч.Сказки дядюшки Римуса.

 

Что бы не придумал коварный Братец Лис, находчивый Братец Кролик всегда нарушает его планы. Что и говорить, этот длинноухий пройдоха хоть и мал, да удал. Недаром юный Джоэль с таким интересом каждый вечер бежит к дядюшке Римусу, чтобы послушать про Братца Кролика и его приятелей.
В этот сборник вошли избранные сказки американского писателя Джоэля Харриса в пересказах Михаила Гершензона и Ирины Чистяковой.
Особую прелесть этой книге придают красочные и выразительные иллюстрации знаменитой английской художницы Рене Клок.
Для младшего школьного возраста.

Золотые сказки великих сказочников.

 

В сборник вошли самые известные сказки прославленных сказочников Шарля Перро, Якоба и Вильгельма Гримм, Ханса Кристиана Андерсена. Яркие, красочные, по-настоящему сказочные иллюстрации сделают праздничной встречу с любимыми героями чудесных историй.

Талас Омарбеков. Ұлы даланың дара тұлғалары: Қазақ хандары.

 

Белгілі тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ хандары туралы зерттеулері мен баспасөз бетінде жарық көрген еңбектері енді. Автор еңбекті құрастыру барысында мейлінше нақты, құнды тарихи деректерге сүйенген. Бұл кітаптың қалың оқырман қауым үшін құндылығы жоғары болары сөзсіз.

Мұқағали Мақатаев. Тамаша айым - тамызым.

 

«Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мұқаң соңында қалдырған «Күнделігінде»: «Таңдамалыңның» болуы жақсы-ақ қой. Оны мен «Тамаша айым - тамызым» («Август - месяц священный») деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол - арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі соғуын тоқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі. Мұқағали мұраларымен етене таныс көзіқарақты оқырманның көңіл түпкіріндегі өкініштің бір мысқал өтеуі болса және оның үстіне ақынның биылғы 85 жылдық мерейтойы тұсында көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің топтамасын тарту етсек деген ниетпен «Тамаша айым - тамызым» атты жинақты жұртшылыққа ұсынып отырмыз.

Қазақ батырлары.

 

Кітап қазақтың ұлы ғалымы, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметтері жайында жазылған тарихи әңгімелер мен зерттеулерден құралған. Бұл еңбекте ғалымның туып-өскен, білім алған ортасы және Іле Алатауы мен Қашқар жеріне жасаған саяхат-сапарлары жайында кеңінен тоқталады. Сондай-ақ оның өмірге өзіндік көзқарасын, әсіресе суретшілік қырын терең танытады. Жинақта Шоқанның өз қолымен салған көптеген суреттері қоса беріліп, оның тарихи ескерткіштер (тас мүсіндер, қорғандар, күмбездер) төңірегіндегі ғылыми ізденіс істері сөз болады. Кітап мектеп, гимназия, лицей оқушыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

 

Кітапта кеңестік социализмнің дағдарысы, КСРО – ның күйреуі, тәуелсіз мемлекеттілік негіздерінің жаңғыруы, қалыптасуы мен мемлекеттік шекараны межелеу, 20ғасырдың 90-жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстанның қазіргі заман тарихы баяндалады.

Мұқағали Мақатаев. Өмір – өзен.

 

"Қазақтың талантты ақындарының бірі, марқұм Мұқағали Мақатаевтың бұл кітабына оның бұрынғы кітаптарына кірмеген және өмірінің соңғы кезінде жазған жаңа өлеңдері мен толғаулары енгізілді. Ақын Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, жүрегінде суымай кеткен махаббат сезімін, жанын кернеген сағыныш сазын, арман-тілегін, өмірге деген құштарлығын жыр етеді." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмір-өзен" оқырмандарына өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.

Мұқағали Мақатаев. Өмірдастан.

 

"Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды. "Өмірдастан" атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген екен. "Өшеді өлең, немесе көшеді өлең" деп ақынның өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жауып, биіктеп барады. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмірдастан" оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.