Жаңа кітаптар келді
Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге.
Хакім Абайдың асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес қазына.
Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.
Жиенбаев С. Өлеңдер
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай – қайсысын да балалық бейнесінде береді.
Өзіңмен сырласып, өзіңмен мұңдасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Ондай сәтері ақын да сезім құбылыс – құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра жырлай келіп «... жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып» - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер – дүниеде әділдік болуы үшін бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қаламауы керек. Сәбилік сезім ақын үгін кісілік кредосы! Ақын жры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз оқырманын адалдыққа баулиды.
Үлкен, кіші деп жатар не бар, шыншыл жыр, сыршыл жыр – балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай – қайсысын да бейтарап қалдырмайды, елітеді, ерітеді, тербейді, тебірентеді.
Пушкин А.С. Кпитанская дочь.
«Капитанская дочка» посвящена разработке исключительно важной для этого времени темы — крестьянского восстания, крестьянской войны.
Изучение истории восстания Пугачева дало возможность Пушкину точно и правдиво рассказать о тех событиях, которые он изображает в повести.
Құнанбаев А. Шығармалар жинағы.
Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845 - 1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары, аудармалар, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді. Оқушы ұлы ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде танып – біледі. Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына да үлкен көмек, шығарма және реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола алады.
Кітаптың кіріспесі Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеу мақаласымен басталды. Жазушылар Т. Медетбек пен Г. Бельгердің ақын шығармашылығы туралы замандастарының Абай туралы естеліктері беріліп отыр.
Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге және көпшілік оқырманға арналған.
Соқпақбаев Бердібек Менің атым Қожа.
Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырман қауым арасына кең тараған екі повесі еніп отыр. Бұларда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез – құлық, арман – мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.
Жұмабаев М. Шығармалар жинағы.
Мұқабасы тозса да, мазмұны тозбас бұл кітапқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен поэмалары еніп отыр.
Иіні ерен, иірімі терең өткелек өмірдің өзек өртер кермек жас мұңы да, терең ой сыры да ақын өлеңдерінің өзегі мен өрнегіне айналған.
Кітап қазақтың қара өлеңін қадірлей білетін қалың жұртшылыққа арналған.
Заколдованный лес.
В одну сказочную и некогда прекрасную страну внезапно пришла беда – ужасная засуха. По древнему поверью, выходец из королевского рода с благородной душой должен найти в Заколдованном лесу ердце мира, чтобы вернуть королевству былое благополучие.