Алақай! Жаңа кітаптар келді
Қадыр Мырза Әлі
Шығармалар жинағы
Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырлары жасампаз ұрпағымыздың рухани жандүниесін байытып, таным көкжиегін кеңітетін өміршең шығармалар.
Ақселеу Сейдімбек
Аққыз
Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз» сияқты повестері мен әңгімелері енді.Бұл шығармаларда халқымыздың рухани биік парасаты, төлтума қасиеттері, мәдени бітімі шыншылдықпен көрініс тауып, ата-бабаның арман-аңсары, адам өмірінің мәні мен сәні сөз болады. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.
Ілияс Жансүгіров
Шығармалар жинағы
Бұл топтамаға қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің атақты Ақан серінің сұлу да трагедияға толы өмірінің соңғы бір сәтін шығармаға арқау ете отырып, Ақанның барлық ішкі жан сырын, биік арман-мұратын жан-жақты суреттеген «Құлагер» поэмасы мен «Күй», «Күйші» поэмалары және «Жетісу суреттері» атты өлең топтамалары енгізілді. Кітап жас оқырмандар мен еөпшілік қауымға арналған.
Сәбит Мұқанов
Шығармалар жинағы
Сәбит Мұқановтың бұл кітабына жазушының «Балуан Шолақ» романы мен «Бақташының баласы» повесі және бірқатар әңгімелері енгізіліп отыр. Әңгімелеріндегі оқиғалардың өмір шындығынан алынуы шығарманың тәрбиелік мәнін арттырады.Ауылды кеңестендіру, байлардың жерін, мал-мүлкін кәмпескелеу, ескі идеологияны таратушылармен күрес, әйел теңдігі үшін үгіт, елді оқуға, білімге шақыру сияқты сан түрлі тақырып – оның әр жанрдағы шығармаларында көрініс береді.
Бейімбет Майлин
Шығармалар жинағы
«Жасөспірімдер» кітапханасы сериясы бойынша жас оқырмандарға ұсынылып отырған қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің бұл жинағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын, қазан төңкерісін, 1921-1922 және 1932-1933 жылдардағы елді жайлаған аштықты, кәмпнскелеу, колхоздастыру, елді сауаттандыру сияқты әр дәуірдің замана шындығын, мезгіл мінезін, замандас тұлғасын суреттеген әңгімелері, фельетондары, өлеңдері және сол замандағы әйелдер теңдігін көтеріп қана қоймай қазақ әйелдерінің мұңын, махаббатын, тазалығын, сұлулығын бір сөзбен айтқанда ішкі психологиясын сонымен қоса трагедиясын бейнелеген атақты «Шұғаның белгісі» повесі еніп отыр.
Сағи Жиенбаев
Өлеңдер
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ а талатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастап кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді.Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады.Ақын адалдық, азаматтық,кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді.
Тұрдақын Жексанбай
Бала бүркіт
Белгілі жазушы Тұрдақын Жексенбайдың бұл кітабына автордың балаларға арналған бір топ повестері мен әңгіме ертегілері топтастырылған. Олардың арасында Республикалық «Жалын», Халықаралық «Дарабоз» конкурстарының бас жүлдесін жеңіп алған «Қоңыр қонжық», «Бала бүркіт» повестері және сондай бірнеше жүлде алған шығармалар бар. Бұлардың бәрі туған жер табиғатын таныту мен аялап қорғауды, білім және патриоттық тәрбие беріп, тіл ұстартуды көздейді. Кітап мектеп оқушыларына арналған.
Қонжықтың әкесі күн сайын қайда кетеді?
Хейди Ховарт
Дэниел Ховарт
Бұл ертегі кішкентай Қонжық әкесінің үнемі өзінің қасында болмайтынына іштей өкпелеп жүреді. Күнде ертемен бір жаққа кетіп, үңгірге қас қарая оралатын әкесінің қайда барып жүргенін білгісі келген Қонжық бір күні оның ізіне ереді. Балалар ертнгінің соңында берілген тапсырмаларды орындап, баланың таным-түсінігіне сәйкес берілген сұрақтарға жауап береді. Өздерінің отбасы, әкелерінің немен айналысатыны туралы ой бөліседі.
Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды.
Хейди Ховарт
Дэниел Ховарт
Бұл ертегіде Қонжық алыстағы ата-әжесіне қонаққа барады. Алғашында олардың қасында қалғысы келмейді.Алайда Қонжық бекер уайымдапты. Атасы мен әжесі дүниедегі ең майрімді, ең білгір аюлар екен.Ертегінің соңында балалардан олардың ата-әжесі, олармен қарым қатынасы, бірге өткізген қызықты сәттері туралы сұралады.Бұл-өнегелі, тәрбиелік мәні зор ертегі.
Қазақ ертегілері
Жолбарыс пен тышқан
“Қазақ ертегілері” сериясымен шығарылып отырған хайуанаттар туралы бұл ертегілерде жануарлардың іс-әрекеті, жағымсыз қылықтары, сондай-ақ адалдығы мен ақылдығы арқылы адамдардың мінез-құлқы сыналады. Кітап мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған.