Алақай! Жаңа кітаптар келді

Мен кішкентай жұлдызбын

Талғампаз жұлдыздар

Бұл топтамада 100-ге жуық сәнді жапсырмалар бар. Кітапшадағы кішкентай сұлуларды әдемілеп киіндіріп, бояндыруды үйреніңдер.

Танымал теңіз қарақшылары

Қарақшылар тарихына арналған кітап теңізде жүзу әдістерін, теңізшілердің міндеттерін, олардың қарулары жайлы құпияларды ашады. Ол қанды жылдардың шындығын айтады. Кітапта қарақшылардың құдіретінің жоғалуы және олардың Кариб теңізін тастап кетулеріне мәжбүр болғаны баяндалады.

Он екі биші ханшайым

Руф Сандерсон

Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта түні бойы тыным таппай жасырын би билеген он екі ханшайым және олардың құпиясының қалай ашылғаны туралы әңгімеленеді.

Раушангүл мен Қаршагүл

Руф Сандерсон

Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта қыстың бір күнінде апалы-сіңілі қыздармен достасқан және олардың көрсеткен қайырымдылықтарына мырзаларша алғыс айту үшін қайта оралған аю туралы әңгімеленеді.

Қар ханшайымы

Руф Сандерсон

Қыс-Әке мен Көктем-Анадан туған Қар Ханшайымы қар жауғызып, боран соқтыра алатындай өнерлі болады. Бойжете келе ол жер-дүниені аралап, өз көзімен көргісі келеді.Ата-анасымен оған адам баласын жақсы көріп қалма, махабатты жүрегіңе енгізбе, егер олай етсең, мәңгі өмір сүру мүмкіндігіңнен айырыласың деп ескертеді. Ханшайым адамдардың өмірін бақылап жүріп, оларға бауыр басып, жақсы көріп қалғанын сезбейді. Бірақ ата-ананың айтқаны ойынан кетпейді. Алайда жүрегіндегі махаббат сезімі жеңіп, өзінің мәңгі өмір сүру қасиетінен айырылуға тәуекел етеді.                                                           Ертегі өмірде махаббат пен достықтың орны бөлек екенін баяндайды. Балалар бұл ертегі арқылы адал достық, ізгілік барда барлық қиындықтың артта қаларын түсінеді.

Күлше қыз

Руф Санднрсон

Анасы қайтыс болып, әкесі екі қызы бар өгей шешесін үйге әкеледі. Күлше қыздың көрген күні қиыншылыққа толы болды. Күлше қыз қанша қиындық көрсе де, мейрімді, еңбекқор болып өсті. Байғұс қыздың өміріне жақсылық нұрын сепкен-оның кіндік анасы Фея еді. Ол сиқырдың күшімен қызды теңдессіз сұлу койлекпен, арғымақтарға жегілген оның хрусталь туфлиі король сарайының алдында қалып қояды. Корорльдің ұлы хрусталь туфлидің иесін іздеп шығып, ақыры олар бір-бірімен кездеседі.Күлше қыз өз бақытын табады.Ол шынымен да нағыз бақытқа лайық еді. Бұл ертегінің тәрбиелік мәні – кез келген адам алдынан кездескен қиындықтарға шыдап, мойымаса, ақыры бір жақсылыққа кез болады.

Ертегім неткен... мұратына жеткен

Қазақ ертегілерінің антологиясы

Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің Алтын жинағы

Бұл жинаққа қазақ және әлем халықтарының ең таңдаулы ертегілері енгізіліп отыр. Адамзаттың асыл мұрасы болып табылатын ертегілердің оқырманға берер тәрбиелік әрі көркемдік-эстетикалық мәні зор. Қазақ және әлем халықтарының әдеби қазынасынан сыр шертетін қолдарыңыздағы кітап кішкентай бүлдіршіндерді ғана қуантып қоймай, ересектер үшін де рухани азық болары сөзсіз.

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

Әрқашан біздің қалауымыз бола бермейді

Хейди Ховарт                                                                                                                                      Дэниел Ховарт

Алғашында бауырларының болғаны Қонжыққа ұнамайды.Орманға барарда ол анасына кішкентай тентектерді ертпеуін сұрайды.Інісі мен қарындасы жол бойы ағаларының мазасын алады, олар сотқарлау болатын. Тапсырмаға сәйкес балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-әдеттеріне сипаттама береді. Бұл балаларды ойлануға, сонымен бірге ойларын жеткізуге үйретеді.