Алақай! Жаңа кітаптар келді

Халықберген

 

Базарбаева Маркиза

Халықберген

Маркиза Базарбайқызының бұл кітабы – ұрпақтың өз халқын қалай сүюдің, Отанға қалай  адал қызмет етудің, жер бетіндегі зұлымдықпен күресудің үлгісін көрсетіп кеткен ерлердің ерлік күндерін дәріптейді. Бұл кітап көпшілік қауымға арналады.

Ұлттық рух және поэзия

Ұлттық рух – кең ұғым. Оның елдің даму тарихында халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырудағы қажеттілігі мен мән-маңызын автор 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі тақырыбына арналған поэзиялық туындыларды және белгілі ақындардың шығармаларын талдай отырып жан-жақты қарастырады. Ұлттық рухтың, әсіресе,ұлт басына, жеке басқа төнген сын сәтте айрықша танылатыны, ерекше күш-қуатқа ие болатыны айтылады.

Аңсар жүрек

Ақын Меруерт Бақдәулетқызының «Аңсар жүрек» атты жыр жинағында отансүйгіштік рух, ұлт тағдыры, ғайыпқа сенім-Хақ Тағаланы тану, кісілік болмыс, бекзада тектік, мекенге сағыныш, ғұмыр философиясы, уақыт сипаты, дүние мен мәңгіліктің аралық байланысы, табиғат пен адамның ішкі менінің тілдесімі, үйлесімі ұтымды, көркем кестеленген. Кітаптың тілі көркем, ойы терең жыр сүйер көпке айтары айқын, түсінікті. Жинақ өзінің терең мағынасымен, қамтыр тақырыбының өзектілігімен құнды. 

Даналық әліппесі

Даналық әліппесі кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілді. Олар баланың туғаннан бастап, жас ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп берілді. Даналық  әліппесін отбасында, мектепке дейінгі  тәрбие және білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы және жоғары оқу орындарында  кеңінен қолдануға болады.

Домбыра күйі

Домбыра   күйлері жас сәбиден бастап, жасы егде тартқан қартқа дейін жүрек пернесін тап басып, ойын елітіп, санасын сергітетін құдіретті күшке ие.  Домбыра күйі кітабына қазақ халқының таңдаулы күйлері жинақталды.

Халық аңызы

Халық аңызы кітабы ел аузындағы кең тараған тәлімі мол аңыз –әңгімелерден тұрады. Олар жас ұрпақтың танымын кеңейтіп, талғамын арттыратын оқиғалар желісі мен ерекше құбылыстарға негізделген.  

Халық жыры

Халық жыры кітабы қазақ ауыз әдебиетіндегі жыр-дастандардың ертеден келе жатқан  озық  үлгілерінен жинақталды. Жастардың рухын көтеріп, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға игі ықпал етеді. 

Нақыл сөз

Нақыл сөз кітабына бағзыдан бүгінге дейінгі ақыл – ой   тұжырымдары жүйеленіп енгізілген. 

Бұл кітапқа ақын, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ербол Шаймерденұлының «Қазақ афоризмдері» атты еңбегі топтастырылды.

Қобыз үні

Қобыз бен сыбызғы күйлерінің әуенді сазы, созылып барып сарын болып естілетін қоңыр әуезі адам жанын баурап, сезімді қозғап, ойды оятады. Ізгілікке, жақсылыққа жетелейді.

Қобыз үні кітабы – жас ұрпақтың бойында ұлттық рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін сүюге баулу мақсатында ұсынылып отыр. 

Билер сөзі

Билер сөзі кітабы ақылмен билеу өнерінің – шешендік өнердің  озық үлгілерінен жинақталған.

Кітап баланың ойлау мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, әдеби тілінің  өнегесін көрсетуге, данышпандық мектебінің негізін құруға арналған.