Уық шаншылған Ұлытау

Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаш хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке. Бұл өлке – ежелгі дала өркениетінің , шаруашылығының мәдениетінің алтын бесігі іспетті. Еңбектің қазақ елінің өткен тарихын танып білудегі, жас ұрпақты  отансүйгіштік рухта тәрбиеленудегі мәні зор.