Вечно живая классика

2017 жылы 5-қыркүйек күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде орыс халқының жазушысы, ақын, драматург А.К.Толстойдың туғанына  200 жыл толуына орай «Вечно живая классика» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №1,2 мектептің 2-8 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты.

Мақсаты: Оқырмандарды А.К.Толстойдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

А.К.Толстой көптеген лирикалық шығармалардың, өлеңдердің және тарихи драмалық романдардың авторы. Туындыларының басты тақырыбын, туған жер, Отан табиғатын көркем сөзбен суреттейді

Жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған кеште слайд көрсетіліп, А.К.Толстойдың шығармаларынан үзінділер оқылды.

Оқырмандар назарына «Вечно живая классика» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2-1

2-2

2-3

2-4

2-5