«XXI- ғасыр індеті»
2017 жылдың 29 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «ХХІ- ғасыр індеті» атты әңгіме шолу өткізілді. Іс-шараға №1,2 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты..
Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.
ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ғзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру. ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, виросолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық өсиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Іс-шара Жүсіпова Милананың орындауындағы «Жоқ, дәрігер» өлеңін оқумен және арнайы әзірлеп берілген сауалнамаға жауап берумен қорытындыланды.Әңгіме шолу барысында балаларға ғасыр індетінің тарихы, белгілері, таралауы және одан сақтану жолдары, салауатты өмір салтының ұстанымдары туралы мағлұматтар берілді. Арнайы әзірленген слайд көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Оқырмандар назарына «ХХІ- ғасыр індеті», «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден», «СПИД-қасірет қақпаны» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.