«Я думал, чувствовал, я жил..»
2017 жылдың 9 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде орыс халқының атақты ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі Самуил Яковлевич Маршактың 130 жылдығына арналған «Я думал, чувствовал, я жил…» аттытәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқырмандарды С.Я.Маршактың қызықты өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Автордың қызықты туындылары арқылы кітап оқуға баулу.
С.Я.Маршак балаларға арналған көптеген тартымды шығармаларды дүниеге әкелген қаламгер. Ертегілері, әндері, жұмбақтары, пьесалары балғын оқырмандарды ізгілікке, еңбекқорлыққа шақырады. Табиғатты сүюге, жер бетіндегі адамдар арасындағы сыйластықты, қарапайымдылықты сақтап қалуға үндейді. Алғашқы шығармасы 1907 жылы жарыққа шыққан. Балалар театрын ұйымдастырып, соған лайықтап ертегі-пьесалар жазған. «Ақымақ тышқан туралы ертегі», «Жыл бойы» т.б шығармалары қазақ тіліне аударылған.
Тәрбие сағаты барысында оқырмандарға С.Я.Маршактың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін мазмұнды презентация көрсетілді. Автордың дауысымен жазылған өлеңін тыңдап, шығармаларынан үзінді оқып, жұмбақтар әлеміне де саяхат жасады. Оқырмандар назарына «Я думал,чувствовал,я жил..» атты кітап көрмесі таныстырылды.