Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа нұр!

Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.

Осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесі  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде де ұйымдастырылған болатын.   Мерекелік шоудың мақсаты жаңа 2016 мешін жылымен таныстырып, балаларға әсем көңіл күй сыйлау. Мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардан өзге мерекенің көркіне көрік қосатын, балалардың айнымас досы - сайқымазақ, оқырман қауымның барлығына таныс жағымды кейіпкеріміз - бауырсақ, ысылдаған – жылан, «ескі жыл есірке» демекші - ескі қой жылы,  жаңа жыл иесі – мешін барлығы біздің кешімізді одан сайын қыздыра түсті. Кеш барысында ергежейлілер мен өнерлі жастарымыз жарысқа түскен болатын.  Оқырмандардың  арасында   достық пен бірлікті насихаттау мақсатында өзге ұлт өкілдерінің өнерін паш еткен қыздарымыз да табылды. Ақын қыздарымыз қыс мезгіліне, Аяз ата мен Ақшақарға  арнаған арнауларын оқып шабыттандыра түсті. Кішкентай оқырмандар жаттаған тақпақтарын айтып Аяз атаны бір қуантып тастады. Ал, барлық өнер көрсеткен оқырмандарға Аяз атаның қалтасынан тәттілер үлестірілді.                                 

Құрметті оқырман қауым  баршаларыңызды жаңа жылдарыңызбен  құттықтаймыз!  Жаңа жыл жаңа бақыт ала келсін,  үйлеріңізге жаңа нұр төгіліп, шуағын шашсын! 

IMG_2430 IMG_2441 IMG_2488 IMG_2501 IMG_2504 IMG_2544 IMG_2547 IMG_2554 IMG_2567