Жармағамбеттегі Алшымбек Кенжебекұлы

Жармағамбеттегі Алшымбек Кенжебекұлы 1914 жылы туған. Алғашқы әскери өмірін 1940 жылдың қазан айында қатардағы жауынгер Алшымбек Кенжебекұлы 51-ші Әуе базасына қарасты 2227 – ші Әуе полкінде рота саяси жетекшісінің орынбасары қызметінен бастаған, Оңтүстік Батыс майданы бағытындағы №846 атқыштар полкінің құрамында взвод  командирі лауазымына дейін көтерілген. Оңтүстік майданы бағыты бойынша ұрысқа қатысқан 35-ші Қызыл Тулы Гвардиялық дивизия сапында да взвод командирі болған. «Ұлы Отан соғысының І дәрежелі» ордені мен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңгені үшін » медалінің иегері атанған.