«Жаса, Наурыз дәстүрлі»

2017 жылдың 15 наурызында  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Наурыз мерекесіне орай «Жаса,Наурыз дәстүрлі»  викториналық ойын өтті. Бұл іс-шараға № 2 мектептің  5 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.

Іс-шара барысында оқушыларға Наурыз мерекесіне байланысты викториналық сұрақ-жауаптар  қойылып, «Орамал тастау», «Көтермек» атты ойындар ойнатылды. Оқушылардың назарына «Наурыз туралы аңыз» атты видеоролик көрсетіліп, «Жаса,Наурыз дәстүрлі» атты сурет көрмесі  ұсынылды.