«Желтоқсан ызғары»

2017 жылдың 13 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары №1 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен  16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан ызғары»  атты тәрбие сағаты өткізілді.

   Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

      16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған.  Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.  Балаларға желтоқсан оқиғасы туралы түсінік берді. Сұрақ - жауаптар қойылды. Балалар жақсы ат салысып отырды. Тәрбие сағаты барысында «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты презентация көрсетіліп, «Өткен күрестер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі» атты кітап көрмесі құрылды.

2 3 4 5 6