«Жігіт сұлтаны» байқауы

«Жігіт сұлтаны» байқауын өткізудегі мақсатымыз ер балалардың, болашақ батырларымыздың білім деңгейін тексеру, азаматтыққа, ержүректілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Ата- бабамыздан мирас болып қалған салт-дәстүрімізді насихаттау. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1. Таныстыру;

2. Қол күрес;

3. «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында үй

тапсырмасы;

4. " Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар"

сұрақ —жауап

5. «Өнерлі өрге жүзер», яғни өз өнерін көрсету;

Сайысқа Қалдыбай Мақсат, Өміртай Ералы, Нысанбай Бағдәулет, № 2 мектептің 5 сынып оқушысы Эшназаров Ерболатпен 4 сынып оқушысы Ізбасар Ғабит сынды тұрақты оқырмандарымыз қатысқан болатын. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт — дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсете білді. Ал көрермен ретінде 8 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге келіп, інілерін қолдап, қолпаштап отырды.

Сайысқа актерлік шеберліктері де сынға түсті. Бұған Танаш Дәуренбеков ағамыздың «Кітаптар мұңы» әңгімесінің желісінде қойылым қойған болатын. Оқырмандар жан-жақты екендіктерін көрсетіп, сахнада қысылмай өз өнерлерін көрсетуге тырысты. Ән айтылып, мәнерлеп өлең де оқылды.

Оқырмандарымыздың көбісі балалар бөліміндегі «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері сондықтан үй тапсырмасына өз қиялдарына сүйене отырып қаламыздың символына айналған қызғалдақ, ұшақ, зымыран сияқты заттар жасаса, бірі логикалық ойыншық та ойлап тапқан екен.

Спортқа келгенде жігіттеріміз алдына жан салмады. Іштерінде жасы кіші болса да Ғабиттің күші мықты екен. «Қол күрестіру» кезеңінде Ғабит жеңіске жетті.

Қатысушылар белсенді қатысқаны үшін марапатталып, І орынды Қалдыбай Мақсат иеленсе, ІІ орын Өміртай Ералыға бұйырды, ал ІІІ орынға Ізбасар Ғабит қол жеткізді.

Құрметті оқырман қауым! Қорыта айтатын болсам балалар кітабының апталығы діттеген мақсатына жетті деген үміттеміз. Кітаптың білімдерін кеңейтуге берері көп екендігін тағы да бір мойындатқандай болдық. Кітап — сарқылмас қазына, таусылмас байлық. Кітапхана сіздер үшін әрқашан қызмет етуге дайын...!

Балалар бөлімінің кітапханашысы: К.Курманбекова

DSCF1936 DSCF1945 DSCF1964