ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті

1-желтоқсан – дүниежүзі бойынша ЖИТС (СПИД),  яғни жүре пайда болған иммундық тапшылығының синдромына қарсы күрес күні. Жасөспірімдерге адамзатты алаңдатқан кесапат жайлы түсіндіру, олардың өмірлік проблемаларымен   бөлісу  үшін «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің балалар бөлімінде «Өмір проблемалары» атты дәстүрлі емес сұхбат кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын.  Көрмеге ЖИТС-тың пайда  болуы, жұғуы, аурудың алғашқы белгілері, дерттің алдын алу және онымен күрес жөнінде қысқаша мәлімет қойылған болатын.   Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, оқырмандардың қатерлі дерт жайлы не білетінін анықтау.  Оларға  берілген тапсырма:  әр оқушы  «Өмір проблемалары» атты жәшікке мазалап жүрген мәселесімен қоса  ЖИТС жайлы  жазып қалдыруы керек. Нәтижесінде бірнеше рет көтерілген мәселе талқыланып, ЖИТС жайлы қаншалықты білетіндері анықталды.

DSCF3026 DSCF3031

Ия, мұндай ауыр дерттің Қазақстанда жылдан жылға өршуі үлкен қауіп туғызады, бұл адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Сондықтан да құрметті оқырман қауым өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі сияқты зиянды, улы нәрсеге әуес болмайық! Жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануға тәрбиелейік! 

Балалар бөлімінің кітапханашысы:

К.Т.Курманбекова