Жиырмасыншы ғасыр
Досанов Сәбит
Жиырмасыншы ғасыр
Көркем сөздің көрнекті шебері Сәбит Досановтың «Жиырмасынщы ғасыр» атты роман – эпопеясында тұтас бір ғасырдың көркем шежіресі төрт ұрпақтың тағдыры арқылы жанды сурет болып оқушының көз алдынан өтеді.
Төрт кітаптан тұратын күрмеуі қатты күрделі шығарманың алғашқы кітабында отаршыл озбыр саясаттың қазаққа әкелген қайғы-қасіреті суреттеледі. Әлихан, Ахмет, Нұрдәулет сынды Ұлы Даланың ұлт қамын ойлаған ұлдары қазақтың байырғы жеріне қара шегірткедей қаптаған қоныстанушылар көшін тоқтату үшін жанкештілікпен күреседі.
Шығармада суреттелетін ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бәрі Ақбас бүркіттің көзімен, ой, сезімімен беріледі. Ақбас бүркіт бұған дейін әлем әдебиетінде кездеспеген жаңа образ.
Көп жылдық көркемдік ізденістің жемісі болып табылатын бұл роман – эпопея жылда шығып жатқан көп кітаптың бірі емес, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылуға әбден лайық тұлғалы туынды.