Жолда жүру ережесін білесің бе?

Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2015 жылдың 25 қазанында «Жол жүру ережесін білесің  бе?» атты тәрбие сағаты өткен болатын. Аталмыш тәрбие сағатына 2-5 сынып  оқушылары қатысты.  Басты мақсатымыз – оқырмандарға жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, жолда жүру ережесінің адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру . Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын түсіндіре  отырып, жол белгілерінің мазмұнына тоқталып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Сонымен қоса бірнеше викториналық сұрақтар қойылып оқырман қауымның білім деңгейін тексеру.

Тәрбие сағатымыздың барысына тоқталатын болсақ, жалпы өту әдісі сұрақ – жауап ретінде болғандықтан көрермендерге тақырыпқа байланысты жұмбақтар, викториналық сұрақтар және де жол белгілерінің шығу тарихы жайлы қысқаша мәлеметтер беріле отырып «Маймақ аюдың достары» атты сахналық көріністе қойылды. Тұрақты оқырман ақын қызымыз өзінің «Жол ережесі» туралы өлеңін жолдады.

«Жол жүру ережесін білесің  бе?» атты тәрбие сағатымызды әнші  С.Ибрагимовтың «Жаяу» әнімен аяқтадық. Ән барысында флешмоб қойылды.

Балалар кітапханасының кітапханашысы:

С.Сәбит