«Жолда жүру ережесін сақтаймыз»

      

2017 жылдың 20 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  балалар кітапханасында  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты.

     Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.

     Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу қатерге әкеп соқтыруы мүмкін. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек.

     Оқушылар тәрбие сағатынан көптеген мағлұматтар алды. Тақырыпқа сай бейнеролик, презентация көрсетіліп, сұрақтарға белсенді жауап берді. Жасырылған жұмбақтар жауабын шешті. Арнайы әзірленген буклеттер мен көрмелерді қызыға тамашалады. Тәрбие сағатынан оқушылар құнды мәліметтермен қанығып қайтты.

20171020_151624 20171020_153429 20171020_154006 20171020_154335 20171020_154719 20171020_155018 20171020_155622 20171020_160656