Қан мен тер

      2024 жылдың 21 қазан күні  кітапханада оқырмандар арасында  Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай «Қан мен тер» трилогиясы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

      Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы қияға беттеп, қиыр шолған қилы ізденістерінің куәсінің бірі де осы – "Қан мен тер"трилогиясы. Трилогияда халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі тыныс- тіршілігі, Азамат соғысының зардаптары, Кеңес үкіметінің орнауы, тарихи  бетбұрыстар кезіндегі  адамдар  арасындағы қарым-қатынастар кеңінен суреттелген. Шығарманың үш негізгі  кейіпкері – Еламан, Ақбала, Тәңірберген. Еламан – кедейліктен  көз ашпаған, қарапайым балықшы. Тәңірберген – атақты бай, мырза. Ақбала -өзі сүйген жанды сүйе алмайтын  жан. Романдағы жиынтық мінез  кейіпкерлері  арқылы қазақ халқының тағдыры суреттеледі.        Конференция барысында оқырмандар «Қан мен тер» романындағы орталық тұлға –  Еламанның өмір соқпақтары, өмір танымдағы өсу жолы, романдағы Сүйеу қарт та, Мөңке шал да, Қаракемпір отбасы да, Тәңірберген де, Ақбала кейіпкерлердің бейнесін аша түсіп,өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында «Қан мен тер» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды

 

8

11

81