Кітап. Кітапхана. Кітапханашы

       Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, дарынды және шығармашыл кітапханашыларды анықтау,  кітапханашы мамандығының    беделін арттыру мақсатында  2024 жылдың 15 қазан күні кітапханада кітапханашылар арасында «Кітап. Кітапхана, Кітапханашы»  аттыкәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға  4 үміткер  қатысты.

      Байқау шартына сәйкес кітапханашының шеберлігін айқындайтын «Мен кітапханашымын», «Библиопортфолио.Креативті көрме», «Білікті маман-креативті жоба», «Ұшқыр ой,ұтымды жауап», «Сегіз қырлы,бір сырлы» атты бағыттар бойынша өзара бақ сынасып, нәтижесінде «Шығармашыл кітапханашы» номинациясымен балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Кулмишева, «Креативті кітапханашы» номинациясымен балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Струментова, «Парасатты кітапханашы» номинациясымен оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева, «Өнерлі кітапханашы» номинациясымен кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы Ж.Усаева марапатталды. Байқау қатысушыларына Алғыс хаттармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.

a

b

d

c

e

f

g

h