Көркем сөздің кемеңгері
Биыл жазушы, академик, әдебиеттанушы Сәбит Мұқановтың туылғанына - 120 жыл толып отыр.
Осыған орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Көркем сөздің кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің кітапхананың кітап қорында бар кітаптары және мерзімді басылым беттеріне шыққан мақалалар қойылды. Сонымен қатар бейнеролик көрсетілді.
Сәбит Мұканов — қазақ кеңес әдебиетінің негізін қаласкан, оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері, ел еңбекшілерінің бүгінгі өмірінен, ой-арманынан нәр тауып, шабыттана жырлаған азамат акын, дәуір шындығын эпикалық биік денгейге көтере суреттеген халықтық жазушы, сахна өнерінің өркендеуіне үлес косқан драматург. Қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйреген жауынгер сыншы, парасатты ғұлама. Қазақ әдебиетінің мақтанышы Сәбит Мұқанов өзінің өнегелі де өміршең шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жасай беретін ұлы классик.
Өткен ғасырдағы алыптарымыздың бірі – Сәбит Мұқановқа қазақ әдебиетінің аға жазушылары М.Әуезов: «Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі» десе, Ғабит Мүсірепов: «Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия» деді, ал Мұхаметжан Қаратаев «С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді» деп баға берген болатын.