Кітапханашы-киелі мамандық

Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалаушылар десек артық айтпаймыз.

        ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен 24 қазан -«Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілген болатын. Осыған орай 2024 жылдың 24 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында «Кітапханашы – киелі мамандық» атты кәсіби мерекелік кеш болып өтті.

        Кітапхана директоры Павлина Сиязбекқызы сөз сөйлеп, кітапханашы қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандықтардың бірі екенін, адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы кітапханашы өз оқырманының жүрегінде білімге деген құштарлықты және Отанға деген сүйіспеншілікті оятатынын айтып кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтап,Алғыс хаттармен марапаттады.

  Кешке арнайы қатысқан Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Стамкул Нуртай Абдрахимович кітап пен кітапхананың маңызына тоқталып, кітапхана қызметкерлерінің қала мәдениетіне, руханиятына сіңіріп жатқан орасан еңбектерін және қол жеткізген жетістіктері туралы айта келе, кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс, сәттілік тілеп, бірқатар кітапханашыларды алғыс хаттармен марапаттады.