Мұзтаудың мұзбалағы
«Приозерск қалалық кітапханасы» кмм-нің «Білім» орталығында қыркүйек айының 28 жұлдызында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Мұзтаудың мұзбалағы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына 13-16 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Үміткерлерге прозалық, драмалық шығармалардан үзінді оқу тапсырмаларын орындау міндеттелді. Оқушылар Оралхан Бөкей туындыларына деген сүйіспеншіліктерін байқау барысында дәлелдей алды. Жас толқынның Мұзтаудың мұзбалағына деген құрметін қазылар алқасы таразылады. Әдеби шараның шарты бойынша қазылар алқасы шешім шығару барысында көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына оқу мәнеріне баса назар аударды.
Әдеби өнер сайысының Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу номинациясы бойынша ІІІ орын Жанәбіл Аида, ІІ орын Тоқталған Ерсұлтан І орын «Қайдасың, қасқа құлыным» туындысындағы мәтінді әсерлендіріп айтқан Сәндібек Ернұр иеленді. Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан (монолог) үзінді оқу номинациясы бойынша ІІІ орын Яхшилик Аяжан , ІІ орын Зауыр Ажар , І орын «Құлыным менің» пьесасынан үзінді оқыған Кенбай Нұрпейіс иеленді Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Байқау барысында талапкерлер автордың «Қайдасың қасқа құлыным», «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларынан, «Құлыным менің» «Айпара ана» аңызнамасынан, «Апамның астауы»хикаясынан үзінділер оқыды.