Нұрадан ұшқан ақиық

2023 жылдың  18 қыркүйек күні кітапхананың оқу бөлімінде жазушы Махмет Темірұлының туғанына 100 жыл толуына  орай «Нұрадан ұшқан ақиық» атты  танымдық сағаты өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстыру;     

Кітапханашы оқырмандарды жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен  таныстырып өтті. Махмет Темірұлы  Нұра ауданында дүниеге келген. Көбетей ауылының мектебінде қазақ және неміс тілдерінен сабақ берді. Сонымен қатар шығармашылықпен айналысқан. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Нұрадан ұшқан ақиық»кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.