Отбасы -ұлттың тірегі, алтын діңгегі

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Халықаралық отбасы күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Отбасы -ұлттың тірегі, алтын діңгегі» тақырыбында тақырыптық әнгіме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу; жас ұрпақты отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; қатысушыларды ойландырып, пікір алмасуға тарту. Іс-шараға 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Елбасы «Отбасы – Отанның ошағы » деп бекер айтпаған. Отбасы – әр адамның жүрегіндегі ең жылы ұя, сүйіспеншілік пен мейірімнің мекені.Қай халықтың болмасын негізгі рухани тірегі - отбасы құндылықтарында жатыр.
Іс-шара барысында оқушылар жанұяның маңыздылығы, адамдар арасындағы қамқорлық, сүйіспеншілік туралы ой қалыптастырды. Олар, жанұяның адам өміріне әсері туралы, балалар мен ата-аналар ұйымының бірлігі туралы түсінік алды. Соңында ойындар ойнатылып, «Отбасы -ұлттың тірегі, алтын діңгегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.