Новые книги

Энциклопедия персидско-таджикской прозы . Гулистан, Бахаристан, Тутинаме


 «Гулистан» {«Розовый сад») - всемирно известное этико-дидак­тическое произведение Саади Ширази (XIII век), немногословного и остроумного рассказчика. Мораль и поучения этого наставительного руководства вытекают из занимательных рассказов, распределенных по восьми разделам. Рифмованная проза в них перемежается со стихами.

Ханбибі Есенқарақызы. Жібек

 «Қара өлеңнің Ханбибісі» атанған тұлпар шабысты, тарпаң мінезді ақынның қалам қарымы мен талант қуаты қалың оқыр- манға көптен белгілі. Қазақ жұрты ерекше құрмет тұтатын дарынды қаламгердің нәзік лирикадағы азаматтық үні айқын естіледі. Әйтсе де, айтары мол ақынның көңіл көкжиегінде қы- лаң берген көп ойлардың өлең өлшеміне сыймайтын кездері де болады.

Торғын Жолдасбекқызы. Араша

Бір ауыз сөз... Құладым, жеңілдім деп, жігерсіздік танытқанда, жаныңа араша болар; жеңдім, жетілдім деп, тым аспандап кеткенде, кеудеңді жерге түсірер құдірет - бір ауыз сөз. 

Сайн Мұратбеков. Жабайы алма

Соғыстан сәл бұрын туған жазушылардың көбі әрі тәтті, әрі қайғылы балалық шағын жазып кеткен. Бесіктен белі шықпай жатып жоқтау естіген, өлім көрген балалар, кейін қалам ұстаған соң, қағазға түсіріп, шер тарқатқанға ұқсайды. Сондай шығармалардың бірі, бірақ басқаларынан көркемдігімен, мөлдіреген сезімімен ерекшеленетін шығарма  «Жабайы алма».

Петров Григорий. Ақ лалагүлдер өлкесі - Финляндия

 «Ақ лалагүлдер өлкесі - Финляндия» кітабы - Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз мемлекетінің даму жолында табандылықпен күресуге бел буған улт үшін осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл кітап - күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды.

Оразбай Зәріпбай. Ұлы даланың Ұлы тарихы.

Бұл кітаптың «Ұлы даланың Ұлы тарихы» деп аталуының басты себебі мен мақсаты - сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен «қазақ» деп аталған халықты кұраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекен- жайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы деректерді әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі еңбектердің негізінде дайындау және оларға қатысты шыншыл түсініктемелер жасау, еуроцентристік көзкарас негізінде бұрмаланған тұстарын нақты дәлелдер арқылы көрсету, кейбір ақтандақ болып келген тұстарының орнын тың деректермен толықтыру және Ұлы даланың көптеген данқты перзенттері ежелгі заманнан бері ұлы империялар құрған «Ұлы Билеушілердің» шыққан тегі мен ата қоныстары туралы нақты да, дәлелді деректер келтіру болып табылады.

Наполеон Хилл. Думай и богатей

Пожалуй, самая значимая и авторитетная книга в мире — руководство по обретению успеха, богатства, жизненной энергии преодоления и целеустремленно­сти. На протяжении 80 лет «ДУМАЙ И БОГАТЕЙ!» считается классическим учебни­ком по созданию богатства.