Новые книги

Қунақова Рза. Сағыныш.

Қазақтың белгілі ақыны Рза Қунақованың жинағына оның әр жылдары жазылған өлең-жырлары берілді.

Қуаныш Шонбай., Мейірбек Мердібайұлы. Бизнес симфония

145 мың данамен сатылған «Екінші болма» кітабы мен 55 мың данамен сатылған «Құпия» кітабының авторы Қуаныш Шонбай оқырман қауымға үшінші кітабын ұсынып отыр. Бір ерекшелігі, қолыңыздағы кітапты Қуаныш Шонбай өзінің серіктесі, инфобизнес саласының маманы Мейірбек Бердібайұлымен бірігіп жазған. Осылайша, бизнестің симфониясынан сыр шертетін кітапта қос автордың білім-білігі мен мол тәжірибесі өзара жымдасып, өзгеше симфония туғызған.

Қаһарман қыз Хиуаз.

Жастық шағы отты жылдардың шарпуында өтіп, сұрапыл соғыстың күркіреген күндері мен түндерінде қырандай қайсарлығымен қаһармандық танытқан Хиуаз Доспанованың ерлігі елге өнеге, ұрпаққа үлгі десе де болады. Есімі әйгілі қаһарман ұшқыштың мерейлі 90 жылдығына арналған бұл жинаққа Хиуаз Доспанова жайлы деректі дүниелердің бір шоғыры іріктеліп, топтастырылып берілді.

Қалмақан Әбдіқадыров. Қажымұқан

Әуелі елге ақын ретінде танылған Қалмақан Әбдіқадыров уақыт өте шығармашылық арнасын прозаға бұрады. Бұл кітапқа оның өйгілі палуан, айтулы тұлға Қажымұқан туралы повесі еніп отыр. 

Қабдеш Жұмаділов. Соңғы көш.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов - шетелдегі қазақ такырыбын тұңғыш көтерген әйгілі қаламгер. Қытайдағы қазақ өмірінен жазылған қос томды «Соңғы көш» романы жазушыны жұртшылыққа бірден танымал етіп, абыройға бөлегені белгілі. Біз бұл жолы калың оқырманның сұрауы бойынша, тарихи романды қайта басып отырмыз.

 

Конни Глинн. Принцесса под прикрытием

Лотти Тыквен, обыкновенная четырнадцатилетняя девочка, всегда хотела немного побыть особой королевской крови. Ее ровесница Элли Вулф, наслед­ница небольшого европейского престола, напротив, мечтала о жизни про­стого подростка за пределами дворца.

Ілияс Есенберлин. Көшпенділер

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық кұлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі кайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.

Жолдасбекқызы Торғын. КЕШ ҚАЛМА

Адамның болмысы, арманы, қуанышы, мұңы, үрейі мен үміті... Өзге түгілі өзінен жасырған сыры. Өткені мен ертеңі. Бары мен жоғы. Тапқаны мен айрылғаны. Күгкені мен жетпегені. Сезімі мен сенімі. Айтқаны мен айтпағаны. Айтылмай қалған сыр. Ашылмай қалған кұпия. Сананың терең түкпірінен суырыла шығып, жаныңа қылбұрау салып шырылдататын өкініштің тұтқынына айналмау үшін кеш қалма.

Әкім Тарази. Жолы болғыш жігіт

Қазақтың көрнекті жазушысы Әкім Таразидың «Жолы болғыш жігіт» атты кітабына биік адамгершілік, тұньщ адалдық, кіршіксіз махаббат секілді мэңгілік тақырыптарды өзек етіп алған философиялық толғамға толы шығармалары еніп отыр. Шығармалардың тілі жеңіл, оқиғасы қызғылықты, тағылымдық мәні зор, шынайы шыншылдык пен ұлттық рухтың отты лебі сезіліп тұрады.

                      

Әзілхан Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы жарияланған кезінен бастап кітап сөрелерінен түспей келеді. Жоғары мектеп оқушылары мен студенттер үшін бұл роман жақсы мен жаманның, адалдық пен арамдықтың ара жігін ажыратып беретін, үлкен өмірге дайындайтын хрестоматиялық оқулық іспетті.