Новые книги
Торғын Жолдасбекқызы. Араша
Бір ауыз сөз... Құладым, жеңілдім деп, жігерсіздік танытқанда, жаныңа араша болар; жеңдім, жетілдім деп, тым аспандап кеткенде, кеудеңді жерге түсірер құдірет - бір ауыз сөз.
Сайн Мұратбеков. Жабайы алма
Соғыстан сәл бұрын туған жазушылардың көбі әрі тәтті, әрі қайғылы балалық шағын жазып кеткен. Бесіктен белі шықпай жатып жоқтау естіген, өлім көрген балалар, кейін қалам ұстаған соң, қағазға түсіріп, шер тарқатқанға ұқсайды. Сондай шығармалардың бірі, бірақ басқаларынан көркемдігімен, мөлдіреген сезімімен ерекшеленетін шығарма «Жабайы алма».
Петров Григорий. Ақ лалагүлдер өлкесі - Финляндия
«Ақ лалагүлдер өлкесі - Финляндия» кітабы - Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз мемлекетінің даму жолында табандылықпен күресуге бел буған улт үшін осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл кітап - күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды.
Оразбай Зәріпбай. Ұлы даланың Ұлы тарихы.
Бұл кітаптың «Ұлы даланың Ұлы тарихы» деп аталуының басты себебі мен мақсаты - сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен «қазақ» деп аталған халықты кұраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекен- жайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы деректерді әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі еңбектердің негізінде дайындау және оларға қатысты шыншыл түсініктемелер жасау, еуроцентристік көзкарас негізінде бұрмаланған тұстарын нақты дәлелдер арқылы көрсету, кейбір ақтандақ болып келген тұстарының орнын тың деректермен толықтыру және Ұлы даланың көптеген данқты перзенттері ежелгі заманнан бері ұлы империялар құрған «Ұлы Билеушілердің» шыққан тегі мен ата қоныстары туралы нақты да, дәлелді деректер келтіру болып табылады.
Наполеон Хилл. Думай и богатей
Пожалуй, самая значимая и авторитетная книга в мире — руководство по обретению успеха, богатства, жизненной энергии преодоления и целеустремленности. На протяжении 80 лет «ДУМАЙ И БОГАТЕЙ!» считается классическим учебником по созданию богатства.
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ. ТАМАША АЙЫМ — ТАМЫЗЫМ
«Онда — тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мүқаң соңында қалдырған «Күнделігінде»: «Таңдамалыңның» болуы жақсы-ақ қой. Оны мен «Тамаша айым — тамызым» («Август — месяц священный») деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол — арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі согуын тоқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі.
Максин Мей-Фан Чан. Восьмая личность
Красивая. Травмированная. Деструктивная.
Знакомьтесь: Алекса Ву - молодая женщина со множественным расстройством личности. Внутри нее существуют девятилетняя девочка, взрослая сознательная женщина, агрессивная юная тусовщица... О тайне Алексы знают лишь три человека: ее психиатр Дэниел, мачеха Анна и близкая подруга Элла.
Майкл Маршалл. Те, кто приходят из темноты
Для бывшего полицейского Джека Уолена все началось с визита к другу детства, адвокату, который просит Джека помочь в расследовании жестокого преступления.
Ләйлә Сұлтанқызы. Менің екінші кітабым
Бұл кітапты жазған ақылы асқан ғұлама ғалым емес, өзіңіздей адам, өзіңіздей әйел екенін ұмытпаңыз. «Бұл кітапты өзіне қойылған көптеген сұраққа жауап ретінде жазып отыр» деп санаңыз. Айттым ғой, гуру емеспін, сарапшы емеспін.
Ләйлә Сұлтанқызы. Әйел
Алдымен сіз екеуміз мына нөрсеге келісіп алайық: мен сізден шынайы болуды ғана өтінемін. Кез келген ортада бетпердемен жүруге әбден машықтаньш алдық қой. Бізге солай ыңғайлы. Алайда үнемі мықты болып көрінуден шаршамадыңыз ба?! Мен сізді жұмыста, үйде, түзде қолынан келмесе де, күліп жүруге тырысатын адаммен емес, нағыз әйелдің табиғатымен тілдестіргім келеді.