Новые книги
Ташенов Б. Қазақстанның экономикалық тарихы
Қазақ тарихының ерте дүние кездерінен бүгінгі күндерге дейінгі уақытты қамтитын бұл кітапта қоғамдық – экономикалық формациялардың ауысуы, әрбір тарихи дәуірге сай көшпелі шаруашылықтың өзіндік ерекшеліктері көрсетілген. Оқу құралында әдістемелік кеңестер мен тарихи терминдердің сөздігі де берілген.
Қазақстан тарихы пәнін оқитын студенттер мен оқытушыларға арналған.
Оралбаева Ж. З., Арыстамбаева А.З. Экономикалық талдау негіздері
«Экономикалық талдау негіздері» оқу құралы аталмыш пəннің типтік оқу бағдарламасына, кредиттік оқу жүйесіне негізілделіп дайындалған. Оқу құралы экономикалық талдаудың теориялық сұрақтарын қамтиды, сол тақырыптар бойынша қысқаша дəрістер, өзін-өзі бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары түрінде жинақталған.
Оқу құралы теориялық материалдарды толық түсініп меңгеруге, нақты тəжірибеде қолдануға, талдау жəне бағалауға, соның негізінде дұрыс таңдау жасауға, ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындары мен коллеждердің студенттеріне, өз бетінше талдау негіздерін меңгеруге талпынған көпшілікке арналған.
Алиханов Д. Автоматика негіздері
Оқулықта автоматика жүйесінің элементтері, өлшеуіш құрылғылары, күшейткіштер, орындаушы, релелік және логикалық элементтер, басқару нысандарының және реттеуіштердің негізгі қасиеттері келтірілген. Автоматты жүйелердің сапа көрсеткіштерін талдау және анықтау негіздері бойынша қысқаша мәліметтер, автоматты басқару теориясының негіздері, бейсызықты басқару жүйелері, технологиялық үрдістерді автоматтандырудың экономикалық тиімділігін анықтаудың негізгі көрсеткіштері, технологиялық үрдісті автоматтандыру мысалы қарастырылған.
Оқулық 1518000 – «Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім беруге арналған.
Спанқұлова Л.С. Құнды қағаздарды бағалау
Оқу құралы жоғары оқу орындары мен кәсіби білім беретін колледждерге, сонымен қатар магистранттар мен экономика саласының мамандарына арналған. Оқу құралы құнды қағаздарды бағалаудың бірнеше тақырыптарын қамтиды.
Әліпбеков Н. Көкөніс өсіруші фермер анықтамалығы
Анықтамалықта көкөніс және бақша дақылдарының жалпы сипаттамасы, ауыспалы егістер мен топырақты өңдеу, арамшөптермен күрес жүргізу жүйесі, көкөністердің аудандастырылған сорттары, жабық жерлерде көкөністерді өсіру ерекшеліктері, көкөніс шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, көкөністердің зиянкестері мен аурулары, олармен күресу шаралары жан-жақты баяндалған. Анықтамалық «1503000 Агрономия» мамандығының
«Көкөніс шаруашылығы» пәнінің бағдарламасына сәйкестендіріліп жазылған.
Анықтамалық ауылшаруашылық өнімдерін өсіретін фермер шаруа қожалықтарының жетекшілеріне, агрономдарға, колледж және агротехникалық жоғары
оқу орындары студенттеріне және оқытушыларынаарналған
Асанова С., Птицина А. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы
Оқулықта қазақтың ұлттық костюмі мен қолданбалы өнерінің толық тарихы берілген. Бейнелеу өнерінің стильдер динамикасы жан-жақты ашылып, олардан басқа да киімдердің кию тәртібі сипатталған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері злементтер мен мотивтер бойынша жіктелімі беріліп, шаманизм, соляризм, тотемизм мен онимизмнің ықпалы ою-өрнек композициясында айрықша көрініс тапқан.
Оқулықта қазақтың дәстүрлі кәсіп түрлерінің технологиясы, құрлымы, көркемдік безендірілуі, дәстүрлі киіз үйдің ішкі түр-сипаты, генезис трансформациясы нақты ашылған.
Диханбаева Ф. Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
Оқу құралында микроорганизмдердің тірі әлем жүйе сіндегі орны, микроорганизмдер жүйелілігі мен номенклатурасы, бактериялар жіктелуі, пішіндері және қозғалуы, микроорганизмдер физиологиясы және тынысалуы, сонымен қатар қоршаған ортаның адам өміріне маңызы қарастырылған.
Сондай-ақ сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы, сүт өндірісіндегі маңызды микроорганизмдер сипаттамасы, сүт өндірісінде қолданатын ашытқылар, олардың
классификациясы, сүт өнімдерін өндірудегі биохимиялық процестер толық түсіндірілген.
Оқу құралы 1224000 – Сүт өнімінің өндірісі мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С. Агрономия негіздері
Оқулықта егіншілік және оның заңдылықтары, агрохимия, мелиорация, өсімдік шаруашылығы, яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы негіздерінен мағлұмат береді.
"Агрономия негіздері" оқулығы бастауыш және орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының және ауылшаруашылық колледждерінің оқушыларына арналған.
Аққасов Б. Қ. Заңгердің кәсіби этикасы
Ұсынылып отрыған «Заңгердің кәсіби этикасы» оқу құралында мемлекеттік білім беру станддартының талаптарына сәйкес құқықтық этика мен моральдың негіздері берілген.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының және коледждің студенттеріне, құқықтық этиканың нормативтік құжаттары мен мәселелері толғандыратын азаматтарға арналған.
Ромашев Қ. М., Жұмагелдиева А. Ә. Кәсіби ауланатын жануарлар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау: Оқу құралы.
Оқу құралы ветеринариялық санитария және ветеринариялық медицина мамандықтарына оқитын магистранттарға арналған.