Новые книги
Асанова С., Птицина А. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы
Оқулықта қазақтың ұлттық костюмі мен қолданбалы өнерінің толық тарихы берілген. Бейнелеу өнерінің стильдер динамикасы жан-жақты ашылып, олардан басқа да киімдердің кию тәртібі сипатталған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері злементтер мен мотивтер бойынша жіктелімі беріліп, шаманизм, соляризм, тотемизм мен онимизмнің ықпалы ою-өрнек композициясында айрықша көрініс тапқан.
Оқулықта қазақтың дәстүрлі кәсіп түрлерінің технологиясы, құрлымы, көркемдік безендірілуі, дәстүрлі киіз үйдің ішкі түр-сипаты, генезис трансформациясы нақты ашылған.
Диханбаева Ф. Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
Оқу құралында микроорганизмдердің тірі әлем жүйе сіндегі орны, микроорганизмдер жүйелілігі мен номенклатурасы, бактериялар жіктелуі, пішіндері және қозғалуы, микроорганизмдер физиологиясы және тынысалуы, сонымен қатар қоршаған ортаның адам өміріне маңызы қарастырылған.
Сондай-ақ сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы, сүт өндірісіндегі маңызды микроорганизмдер сипаттамасы, сүт өндірісінде қолданатын ашытқылар, олардың
классификациясы, сүт өнімдерін өндірудегі биохимиялық процестер толық түсіндірілген.
Оқу құралы 1224000 – Сүт өнімінің өндірісі мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С. Агрономия негіздері
Оқулықта егіншілік және оның заңдылықтары, агрохимия, мелиорация, өсімдік шаруашылығы, яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы негіздерінен мағлұмат береді.
"Агрономия негіздері" оқулығы бастауыш және орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының және ауылшаруашылық колледждерінің оқушыларына арналған.
Аққасов Б. Қ. Заңгердің кәсіби этикасы
Ұсынылып отрыған «Заңгердің кәсіби этикасы» оқу құралында мемлекеттік білім беру станддартының талаптарына сәйкес құқықтық этика мен моральдың негіздері берілген.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының және коледждің студенттеріне, құқықтық этиканың нормативтік құжаттары мен мәселелері толғандыратын азаматтарға арналған.
Ромашев Қ. М., Жұмагелдиева А. Ә. Кәсіби ауланатын жануарлар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау: Оқу құралы.
Оқу құралы ветеринариялық санитария және ветеринариялық медицина мамандықтарына оқитын магистранттарға арналған.
Можаев Н., Серикпаев Н., Стыбаев Г. Программирование урожаев сельскохозяйственных
В учебном пособии изложены основные теоретические положения и пути практического применения программирования как науки о приемах и методах управления в определенных почвенно-климатических условиях формированием и получением потенциально возможного уровня урожайности сельскохозяйственных культур.
В трех разделах книги рассмотрены биоклиматические условия почвенноклиматических зон РК и возможности выращивания в них культур и сортов разных групп спелости, влияние нерегулируемых и регулируемых факторов на формирование урожайности, методика расчета возможного уровня урожайности в зависимости от обеспеченности посевов фотосинтетически активной радиацией и влагой, теоретические основы прогрессивных технологий интенсивного типа, вопросы прогнозирования урожая и его качества и другие вопросы.
Для студентов высших сельскохозяйственных учебных заведений по специальности «Агрономия» (5В080100).
Акмуллаева А. Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы
Өсімдіктер және жануарлар экологиясына арналған оқу құралында әлемде кездесетін алуан түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктердің (фитоценоз, популяция, биогеоценоз) құрылым деңгейін, орта жағдайларына бейімделу заңдылықтары туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ, өсімдіктер, жануарлар экологиясының ғылым ретінде даму тарихы мен экологиялық факторлары, олардың классификациясы, негізгі түсініктер, ұғымдар мен экологиялық мәселелер қарастырылған.
Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандықтарының студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға, сонымен қатар экологиялық жағдайларға қызығушылық танытатын оқырманға арналады.
Оразтаева З. Агробизнес в Казахстане
В учебном пособии анализируется современное состояние развития агробизнеса в республике, рассматриваются практические решения вопросов по организации, планированию и повышению экономической эффективности индивидуальной предпринимательской деятельности на примере крестьянского хозяйства.
Данное пособие содержит материалы состояния развития хозяйствующих субъектов в республике, зарубежный опыт фермерского хозяйства; задания к лабораторно-практическим занятиям по составлению бизнес-плана, для самостоятельной работы учащихся, контрольные вопросы по каждому разделу.
Пособие предназначено не только для учащихся аграрных колледжей, но и для студентов экономических специальностей аграрных вузов, слушателей ИПК и практических работников.
Мұқанов С. Халық мұрасы
Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» деген тарихи – этнографиялық шолуы бес бөлімнен құралған. Кітапта естеліктер, халық аңыздары, шежіре, төңкеріске дейінгі қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдени, әдеби мұралары туралы автордың өзі айтқандай «ой толғаулары» берілген.
1974 жылы шыққан кітап 1995 жылғы басылыммен толықтырылып ұсынылып отыр.
Құлкенов М. Ғашық
«Атырау ақын – жазушыларының кітапханасы» сериясының кезекті 54 - кітабында жазушы сан түрлі әлеуметтік, моральдік мәселелеріне өзінше келуге назар аударған. Бірсыпыра шығармаларында ауыл өмірін, оның қарапайым еңбек адамдарының тыныс – тіршілігін жылы суреттейді.