Ура! Поступление новых книг!
Лепренс де Бомо Жанна-Мари. Сұлу қыз бен Құбыжық .
Құбыжыққа айналған ханзада өзінің түнерген сарайында сиқырдан құтылар кезін күтуде. Оны сол қалпында қабылдай алатын қыздың махаббаты ғана құтқармақ... Сұлу қыз еш нәрсеге қарамастан ханзаданы ұнатып, сиқырды жеңе алар ма екен?
Фридрих Шиллер. Жарық пен жылу.
Әлем әдебиеті классиктерінің бірі, неміс ақыны, философ, көркем өнер теоретигі және драматург, тарих профессоры және әскери дәрігер, романтизмнің, көрнекті өкілі Фридрих Шиллердің (1759-1805) бұл аударма кітабына таңдаулы өлеңдері мен балладалары жинақталған.
Серік Оспан. Балуан Шолақ. Өмірі мен музыкалық мұрасы
Өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Кәрібайұлы Оспан бұл ғылыми-зерттеу еңбегінде атақты ақын, композитор, палуан Балуан Шолақтың шығармашылық өмірбаянына байланысты деректерді, мәліметтерді ғылыми айналымға қосқан.
Патриотами не рождаются. Нурбай Бектурсунов. Тимур Макипов.
Сборник посвящен солдату и матросу, сержанту и молодому офицеру, а также тем, кому еще предстоит произнести чеканные слова воинской присяги.
В сборнике отражаются боевые традиции сегодняшних Вооруженных Сил, повествуется о важности строгой солдатской службы, о том, как юноши становятся мужчинами, как закаляется в мирные дни характер наследников великих батыров и участников Великой Отечественной войны.
Сборник рекомендуется широкому кругу читателей, его могут читать взрослые, юноши, девушки и школьники старших классов.
Өрт жылдардың отты жандары. (Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан соғысқа шақырылған әйелдер). Құрастырған: К.Жунусова
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) туралы мағлұматтарды «Халық ескерт- кіштері» атты ресейлік ірі интернет-порталының негізінде құрастырушы Қазақ ССР-інің әскери комиссариатымен сол сұрапыл жылдары соғысқа шақырылған 50-ден астам қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс, беларусь, украин, поляк, еврей сынды ұлт өкілдерінен шыққан нэзік жандылардың ерліктерін тізімдеп, жүйелей көрсеткен.
Қыдырбек Рысбек. Саңлақ. (Спортшы дарабоздардың жеңіс жолы туралы деректі жинақ).
«Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы, «Дәулет», «Берікқазы», «Бекзат» деректі хикаяттарының авторы Қыдырбек Рысбектің бұл кітабына ел спортының айтулы тұлғалары туралы очерктер мен мақалалар еніп отыр.
Кітаптың оқиғалары тартымды, деректері құнды, тілі шұрайлы.
Қанат Қайым. Көпір астындағы үй.
Жазушы Қанат Қайымның әңгіме, хикаяттарында кейіпкерлердің алуан түрлі мінез-құлықтары шұрайлы тіл, шұгылалы сезіммен өрнектеледі. Кітапта қиын тағдырлы балалардың тіршілік-тыныстары, арман-тілектері мен ерекше ой-саналарын саралайтын шыгармалар топтастырылған. Отанды, елді, табиғатты сүюге, достық, бірлік, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.
Кітап жеткіншек ұрпақ — жасөспірімдер, көпшілік оқырман қауым, сондай-ақ балғын бүлдіршіндерге де арналған.
Қайрат Раев. Алаштың арда ұлдары.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы ренессанс дөуірінде қазақтың болашағы үшін, оның кемелденіп жеке ел болуы жолында бар ғұмырын сарп еткен Алаштың арда ұлдарының жұрт алдындағы сіңірген еңбегі әлі де толық ашыла қойған жоқ. Бұл еңбекте Алаш көсемдерімен қатар жүріп, халқына қалтқысыз қызмет еткен бірқатар азаматтардың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың де- ректер қамтылған.
Кітап қазақ әдебиетінің сол бір дәуірдегі тарихы мен тағдыры қызықтыратын ізденушілерге, магистрлерге, жоғары оқу орны сту- денттері мен мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, жалпы оқырмандарға арналған.
Жыр арқауы – Ата заң. Құрастырған: Қайрат Мәми
Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазіргі Ата Заңымыздың түп қайнары — әз Тәукенің «Жеті Жар- ғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қаска жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді.
Ермек Дайырбай. Көкжиегімнің көктемі.
Бұл кітапқа «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Дайырбаев Ермек Тұрсынұлының әр жылдары жазылған шығармалары енгізілген. Өлең өлкесінде өзіндік орны қалыптасқан ақынның тілі көркем, ойы шұрайлы.
Кітап барша жыр сүйер қауымға арналған.