Ура! Поступление новых книг!

Болат Асанов. Ең әдемі құс қайсы?

 

Болат Асанов -1950 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ынталы орта мектебін бітірген соң туған ауылында малшы, механизатор болып еңбек жолын бастаған. С. М. Киров атындағы ҚазМУ - дың журналистика факультетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» университетінің «Педагогика және психология» факультетін тәмамдаған. Аудандық газет редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі, орта мекгепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және психолог болып жұмыс істеген. Ере- сектермен қатар балаларға да арналған өлеңдер жазады. «Дала дидары» атгы жыр жинағы жарық көрген, «Жетіген» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген.

 

Байахмет Жұмабайұлы. Қазақ балаларының байырғы ойындары.

 

Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды.

Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды кұралы болмақ.

 

Айқұт Ертұғрұл. Гүрай Сүнгү. Қорқыт ата не деді? Қорқыт атаның әңгімелері

 

Түріктің жас жазушылары Айқұт Ертұғрұл мен Гүрай Сүнгү құрастырған «Қорқыт ата не деді?» атты кітабы түркі әлеміне ортақ, «Қорқыт Ата хикаялары» негізінде қайта жаңадан түсіндіріліп жазылған. Он екі әңгімелеуші Қоркыт Ата хикаяларын өз болмысына, табиғатына, білгеніне карай жаңадан жазып, сол күн мен бүгінгі күн арасында көпір салу, қазіргі кезеңге жақындату аркылы жастарға таныту мақсатында жазылған.

Кітап жалпы оқырман қауымға, жастарға арналған.

 

Агата Кристи. Жеті циферблаттар құпиясы


Бұл детектив романда жиырмасыншы ғасырдың бір топ «алтын жастарының» тыныс-тіршілігі суреттеледі.

Заря Жұманова. Ақбота

 

Белгілі қаламгер Заря Жұманованың «Ақбота» дейтін кітабына енген шығармалары негізінен өскелең ұрпақ тақырыбын көбірек қаузайды. Жасөспірімдердің өмірі, арман-тілегі кітаптың өнбойында тұнып тұрғаны байқалады. Ал жинақтың соңғы бөлімінде аударма саласынан бірер еңбектері топтастырылған.

Жазушының ойлы да тәрбиелік мән-мағынаға толы осынау еңбегі талғамы нәзік талабы жоғары оқырманға арналған.

Зияш Телеуова. Құлаған үйдің құпиясы

 

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады.

Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түрлі қылмыс көріністеріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

Марат Қабанбай. Арыстан, мен, виолончель және қасапхана

 

Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек, ой иірімдерін иінткен Марат Қабанбайдың бұл кітабы «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты повестерінің басын құрайды.

Жазушы әрбір шығармасының шырай-шұрымын өмірдің өз өзегінен ала отырып, қарапайым да қалжың ойлы тіл әспетімен оқырман жүрегіне кеңінен жеткізе біледі. Оның оқырманға айтар ойы, алға ұстаған ұстанымы - жақсылық атаулының асқар шыңы - адамгершілік, ақиқатшылдық. Осы тұрғысында толғаған ой, түйген түйінін Асан, Самат сынды кейіпкерлер бойынан табасыз.

Арасанбай Естенов. Көне кенттер күмбірі

 

Балалардың жанына жақын, көлемі шағын, ұйқастары шымыр туындылар оқушылардың көкейіне қонымды, тез жаттап алуға оңай. Балдырғанның ой-қиялын ұштап, оларды имандылық пен ізгілікке жетелей- тін бұл туындылардың жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі айрықша.

Қуандық Түменбай. Жасыл жанып тұрғанда

 

Танымал жазушы Қуандық Түменбайдың бұл жинағына хиқаяттары мен әңгімелері енген. Мәселен, «Жасыл жанып тұрғанда» хиқаятының лейтмотиві — күнә және одан арылу болса, «Ағаш ескерткіште» - қолына кетпен ұстаған қарапайым диқанды көреміз. Ал, мерзімді басылымдарда жарияланған әңгімелер шоғыры - кезінде оқырманның ыстық ықыласына бөленген дүниелер.

Николай носов. Большая книга рассказов.

 

В нашей стране нет ни одного человека, кто не знал бы имени Николая Николаевича Носова. На книгах этого замечательного автора выросло уже несколько поколений юных читателей, которые, повзрослев, с удовольствием покупают книги Носова своим детям и внукам. Вместе с ними они с упоением перечитывают смешные и поучительные рассказы про фантазёров, живую шляпу и Мишкину кашу. Рассказы Николая Носова – классика детской литературы, они навсегда вошли в её золотой фонд, без преувеличения став национальным достоянием России.