Детская страничка
ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті
1-желтоқсан – дүниежүзі бойынша ЖИТС (СПИД), яғни жүре пайда болған иммундық тапшылығының синдромына қарсы күрес күні. Жасөспірімдерге адамзатты алаңдатқан кесапат жайлы түсіндіру, олардың өмірлік проблемаларымен бөлісу үшін «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Өмір проблемалары» атты дәстүрлі емес сұхбат кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын.
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
Тұңғыш деген ұғымның астарында тұңғиық ерекшелік бардай. Селт ете қаласың. Ұлы да қастерлі Отанымыз – Қазақ елінің тұңғыш Тәуелсіздігін әлем тұңғыш мойындады. Тұңғыш рет өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда өз қазынамызға иелік ететін күн туды, тұңғыш Елтаңбамыз, тұңғыш Қарулы Күштеріміз құрылды. Дана қиялынан туған алып Астана бой көтерді. Бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар, көз жетпес Бәйтерекке айналды. Осы Тұңғыш атрибуттардың ең басында осы тұңғыштарды тұңғыш еткен Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр.
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2015 жылдың 25 қазанында «Жол жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты өткен болатын. Аталмыш тәрбие сағатына 2-5 сынып оқушылары қатысты. Басты мақсатымыз – оқырмандарға жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, жолда жүру ережесінің адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру . Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын түсіндіре отырып, жол белгілерінің мазмұнына тоқталып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Сонымен қоса бірнеше викториналық сұрақтар қойылып оқырман қауымның білім деңгейін тексеру.
Тарих беттерінен тағылым
Биылғы ел өміріндегі елеулі оқиға Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілуде. Осынау тарихымызды түгендеп, ұлттығымызды танытатын мерекеге орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Тарих беттерінен тағлым» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылған болатын.
Шарықтай бер, Приозерск!
Приозерск қалалық кітапханасының балалар бөлімінде қала күніне орай дәстүрлі емес «Шарықтай бер, Приозерск» атты кітап көрмесі құрылған болатын.
Қазақ хандығына – 550 жыл
Биылғы жылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана»
Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мереке. Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік.
Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамы шынында да мақтан етуге лайық.Астана- еліміздің бақыты .
Астана күні-бүкіл қазақстандықтардың мейрамы.
«Ұлы заманның, ұлы тұлғасы»
Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Мұқанов Сәбит Мұқанұлына биыл – 115 жыл толып отыр. Осыған орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2015 жылдың 21 сәуірінде «Ұлы заманның ұлы тұлғасы» атты көрме ұйымдастырылған болатын.
«Жігіт сұлтаны» байқауы
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде бүгін балалар апталығының соңғы күні, қорытынды күн. Бір аптаға созылған кітапты насихаттау жұмыстары өз жемісін береді деген сенімдеміз. Бұл күнге жоспарланған іс-шара «Жігіт сұлтаны» байқауы болатын.
8 наурыз
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын