Детская страничка
Ақын -Олжас Сүлейменов
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 18 мамырында орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық меректойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сен құрметте оны!
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Мұраты биік суреткер
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 24 сәуірінде «Мұраты биік суреткер» Қабдеш Жұмадилов 80 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз –оқырмандарға жазушының өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру, шығармаларын оқырмандарға ұсыну арқылы туған әдебиетімізді, ұлы жазушы еңбегін жастарға насихаттау және де көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Достық, бірлік, ынтымақ
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара
шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Ғарыш кемесінің қаһармандары
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 12 сәуірде Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш кемесінің қаһармандары» деп аталатын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 4 – 5 сынып оқырмандары қатысты. Басты мақсатымыз - ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Қазақстан еліндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне, орай қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Ертегілер әлеміне саяхат
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 15 сәуірнде, апталықтың соңғы күні «Ертегілер әлеміне саяхат» деп аталатын сахналық қойылым қойылды. Кешімізге 0 – 5 сынып оқырмандары қатысты. Басты мақсатымыз - балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға қалыптасытра отыра, танымдылық қабілетін дамыту және балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге жаттықтыру.
Білім көзі кітапта
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 14 сәуірі, яғни апталықтың төртінші күнінде «Білім көзі кітапта» атты 4 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз - оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету, оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету, білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу, оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Шығармашылық сайыс
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылғы кітап апталығының екінші күні, яғни 12 сәуірде «Қазақстан тәуелсіздігіне - 25 жыл » деп аталатын 3 D форматта әуесқой суретшілер сайысы және «Менің сүйікті жаузышым» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1 – 6 сынып оқушылары қатысты. Басты мақсатымыз - жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем шығармашылығын дамыту .
Білім көзі – кітапханада, ал интернет – заман жаршысы
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 13 сәуірде «Кітап немесе интернет » атты пікірталас ұйымдастырылды. Кешімізге 5 – 6 сынып оқырмандары қатысты.
Басты мақсатымыз – кітап және адам өміріндегі маңызы туралы сонымен бірге интернет желісінің пайдасы мен зияны жайлы талқылап, оқушыларды оқу – білімге шақыру. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітап пен интернеттің пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.