Балалар әлемі

Ертегілер әлеміне саяхат

 «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 15 сәуірнде, апталықтың соңғы күні  «Ертегілер әлеміне саяхат» деп аталатын сахналық қойылым қойылды. Кешімізге 0 – 5 сынып оқырмандары қатысты.  Басты мақсатымыз - балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға қалыптасытра отыра, танымдылық қабілетін дамыту және балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге жаттықтыру.  

Білім көзі кітапта

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 14 сәуірі, яғни  апталықтың төртінші  күнінде  «Білім көзі кітапта» атты 4 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.  Басты мақсатымыз - оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету, оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету, білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу,  оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Шығармашылық сайыс

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылғы кітап апталығының  екінші күні, яғни 12 сәуірде   «Қазақстан тәуелсіздігіне -  25 жыл » деп аталатын 3 D форматта әуесқой суретшілер сайысы және «Менің сүйікті жаузышым» атты  эссе байқауы  ұйымдастырылды. Байқауға    1 – 6 сынып оқушылары  қатысты.  Басты мақсатымыз - жас  ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып,  Отанға деген сүйіспеншілік  сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын  арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем  шығармашылығын дамыту .

           

Білім көзі – кітапханада, ал интернет – заман жаршысы

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 13 сәуірде  «Кітап немесе интернет » атты пікірталас  ұйымдастырылды. Кешімізге  5 – 6 сынып оқырмандары  қатысты.   

             Басты мақсатымыз – кітап және адам өміріндегі маңызы туралы сонымен бірге интернет желісінің пайдасы мен зияны жайлы талқылап, оқушыларды оқу – білімге шақыру. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітап пен интернеттің  пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. 

Кітапхана – ұлы байлық мекені

 2 сәуір – Балалар кітабының халықаралық күні.1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын Данияның балалар жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Сол орайда  «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 11 сәуірінен 16 сәуірі аралығында балалар кітабының апталығы ұйымдастырылды. 

Ана - өмірдің шуағы

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында    «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 5 наурызында  «Ана - өмірдің гүлі » атты  мерекелік кеш  ұйымдастырылған болатын.   Кешімізге арнайы сыйлы қонақ ретінде ардақты ана, қадірлі әже, қаламыздың құрметті азаматшасы  Бақыт Балтабековна шақырылса, ал  белсенді оқырмандарымыз  ата-аналарымен бірге  қатысты. 

Балалар ақыны

 «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  2016 жылдың  17 ақпанында «Балалар ақыны» Агния Бартоның туылғанына 110 жыл толуына орай  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз – оқырмандарға ақынның өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру,  сонымен бірге  кітаптарын оқырмандар назарына насихаттау. Көрмеге 5 – 7  сынып  оқырмандары қатысты.  

Балалар жанашыры

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 12 ақпанында «Балалар жанашыры» Сара Алпысқызының 75 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз – оқырмандарға Сара Алпысқызы жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру. Көрмеге 7 – 8  сынып  оқырмандары қатысты.

Ауғанстан – жүректегі жара

           Бір кезде аты әлемге әйгілі болған Ауған соғысы аттай 10 жылға созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсаннан 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта өткен соғыста көптеген жанұяның шаңырағы шайқалды, қайсы бір бала әкесіз қалды. Балауса жасқа толып, көк құрақтай өсіп келе жатқан біраз жанның тағдырын мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді.  Сондықтан да оның ащы сабақтары ұрпақ жадынан өшпек емес.

Поэзия тұлпары

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 9 ақпанында «Поэзия тұлпары» Мұқағали Мақатаевқа арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына 6 -9 сынып оқушыларының қатысуымен жүзеге асты. Басты мақсатымыз – Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.