Балалар әлемі

Жол тәртібін сақтайық

2018 жылдың  3 қазан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің  балалар бөлімінде «Жол тәртібін сақтайық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу, жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Поэт на все времена

2018 жылдың 7 қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің балалар кітапханасының оқу залында атақты орыс ақыны және аудармашы Борис Владимирович Заходердің 100 жылдығына арналған "Поэт на все времена" атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға №2 мектептің 2 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:Оқушыларды Б. В. Заходердің шығармашылығымен таныстыру; балалар поэзиясына деген қызығушылықтарын  арттыру; кітап оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Человек, любящий детей

2018 жылдың  7 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Орыс халқының жазушысы, ағартушы, ойшыл Лев Николаевич Толстойдың туғанына 190 жыл толуына орай «Человек, любящий детей» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушыларды ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, балалар әдебиеті арқылы оқушылар бойында адамгершілік, қайырымдылық, төзімділік сезімдерін қалыптастыру.

Жұлдызды қала – Астана

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күні құрметіне орай «Жұлдызды қала-Астана» атты танымдық көрме ұйымдастырылып, оқушылар қиялынан туған шығармашылық жұмыстар оқырмандар назарына ұсынылды. Аталмыш шара қаламыздағы №2 мектеп және «Достық» шығармашылық орталығы жанынан құрылған лагерь оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Астана жайында мағлұмат беру. Астананың көрікті, әсем жерлерімен таныстыру.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі

4 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» тақырыбында  презентация ұйымдастырылды. Іс-шараға №2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Таза табиғат – халық байлығы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау  күніне орай  «Таза табиғат-халық байлығы» атты экология сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен өзара үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.

Іс-шараға қаладағы № 1 мектептің жанынан құрылған жаздық тынығу лагерінің оқырмандары қатысты.

Бақытты балалық шақ

2018 жылдың 1 маусым күні қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балақай» балабақшасы бүлдіршіндерімен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында ертеңгілік өткізді.

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлеңді нақышына келтіре айтуды үйрету, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Азаттықтың азапты жолы

2018 жылдың 25 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің балалар бөлімінде  31 мамыр - Саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азаттықтың азапты жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен  тереңірек таныстыру,  оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

Отбасы-Отанымыздың ошағы

2018 жылдың 15-мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекмесінің балалар бөлімінде Дүниежүзілік отбасы күніне арналған «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке №1 жалпы орта білім беретін мектептің  6 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдау, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу; Баланы ата-анасын, қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру; Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

 

Ерлік-елдік қорғаны

2018 жылдың 4 мамыр күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік даңқы-мәңгілік» тақырыбында патриоттық кеш өтті. Патриоттық кешке  №1 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сынып оқушылары және 06708 әскери бөлімі командирінің әлеуметтік-құқықтық тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, подполковник Батырбеков Есжан Оралбекұлы қатысты.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы, Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы терең мағлұмат беру; оқушыларды туған елін, жерін, Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;