Балалар әлемі

Менің сүйікті кітабымның кейіпкері

2018 жылдың 5 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде апталықтың төртінші күні «Менің сүйікті кітабымның кейіпкері» атты сурет көрмесі өтті. Іс-шараға №1,2 мектептің 0-4 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген құлшыныстарын ояту, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету.

1001 мақал, 101 жұмбақ

2018 жылдың 4 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде апталықтың үшінші күні «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты зерделілер сайысы өтті. Іс-шараға № 1,2 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты.

Ең қымбат қазына-кітап

2018 жылдың 3 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде кітап апталығының екінші күні «Ең қымбат қазына –кітап» атты әдеби монтаж өткізілді. Әдеби монтажға №1 мектептің 2 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру. Зейіндерін шоғырландыру, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту. Кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз

2018 жылдың 13 наурызы  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатына №1 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысты.  

«Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады»

2018 жылдың 2 ақпанында  облыстың барлық кітапханаларында бір уақытта Сталинград шайқасындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» атты   еске алу күнінің құрметіне «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  тарихи еске алу сағаты өткізілді. Тарихи  еске алу сағатына №2 орта мектептің 4-8 сынып оқушылары, яғни, барлығы 56 оқушы қатысты.

Еске алу күнінің мақсаты мен міндеттері: Өскелең  ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи тәжірибе негізінде руханилықты жаңғырту, Сталинград шайқасы туралы қазақстандық шығармаларды кеңінен танымал ету, оқырман балалардың Сталинград шайқасы жылнамасының тарихына қызығушылықтарын, Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандық батырлар туралы білімдерін қалыптастыру, оқырмандарды патриоттық әдебиетті оқуға тарту.

«Певец родной природы»

2018 жылдың 1 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінің оқу залында Орыс халқының балалар жазушысы Михаил Пришвиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Певец родной природы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына қаламыздағы №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: М.Пришвиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармашылығы арқылы оқушыларды бауырмалдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа шақыру. Жақсы қасиеттерге үлгі алуға баулу. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббаттарын ояту.

«Шарль Перро-великий сказочник»

2018 жылдың 12 қаңтары күні   «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты француз балалар жазушысы Шарль Перроның 390 жылдық мерейтойына орай «Шарль Перро-великий сказочник» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.

Eлбасы

1-желтоқсан Президент күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.

«Лучшая в мире Астрид»

2017 жылдың 14-қарашасы күні   «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты швед балалар жазушысы Астрид Анна Эмилия Линдгреннің туғанына 110 жыл толуына орай «Лучшая в мире Астрид» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

«Я думал, чувствовал, я жил..»

2017 жылдың 9 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде орыс халқының атақты ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі Самуил Яковлевич Маршактың 130 жылдығына арналған «Я думал, чувствовал, я жил…»  аттытәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.