Балалар әлемі

Кітапханадағы жаз

 2019 жылдың 12 шілде күні Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсия жасап қайтты.  Кітапхана қызметкерлері балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырып,мерейтойлы кітаптарға шолу жасады.

Кітапханадағы жаз

2019  жылдың  9 шілде  күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар  кітапханасында «Dana» зияткерлік дамыту орталығының жаз,ы лагерьдің балаларына экскурсия жасалды. Балалар ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, жаңа кітаптармен танысты.

«Кітапханаға саяхат»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 14 маусым  күні   №1 мектеп қарамағындағы жазғы лагерьдің 1-2 сынып аралығындағы  балаларға экскурсия жасалды. Оған 22 бала қатысты. 

Кітапханаға саяхат

2019 жылдың  13 маусым  күні  №2 мектеп жалпы орта білім  беретін мектебі кешенінің  жазғы  сауықтыру лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге  қалалық  кітапханаға экскурсияға келді. Экскурсияға 1-4 сынып оқушылары қатысты Кітапханашылар экскурсия  барысында  балаларға балалар бөлімі кітапханасымен және «Атамұра» қоғамдық бірлестігімен таныстырды.

Біз бақытты балдырған»

2019 жылдың 31 мамыр күні 1-маусым  Балаларды қорғау күніне орай,  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімі «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілік ұйымдастырылған болатын. Іс-шара қалалық «Балақай» бөбекжай-бақшасында өтті.

Алаш айбындыларының рухына тағзым

2019 жылдың  31 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде  Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарымызды еске алу күніне орай «Алаш айбындыларының рухына тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қаладағы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығы және қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Отан қорғау-азаматтық парыз»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  2019 жылдың 4 мамырында «Отан қорғау- азаматтық парыз» атты Отан қорғаушылар күніне орай  7-8 сыныптар аралығында диспут өткен болатын. Пікірталастың мақсаты: оқырмандардың бойында  ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанды сүюге, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Өз ойын толық жеткізе білуге, шешендікке  баулу.

Қазақ поэзиясының Құлагері

Қазақ  әдебиетіндегі  үш  бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 125 жыл. Мерейлі датаға орай 2019 жылдың 3 мамыр күні  «Приозерск қалалық  кітапханасы» КММ-нің  балалар бөлімінде  «Қазақ поэзиясының Құлагері»  атты  әдеби кеш  өтті. Кешке №2 жалпы білім беретін орта мектептің  8 сынып оқушылары қатысты.

Ағайынбыз бәріміз

2019 жылдың 29 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде «Ағайынбыз бәріміз» атты достық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың   көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы  танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Шығыстың шынары

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 19 сәуірі күні   ер етігімен  су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда ерлермен бірге қару алып соғысқа  аттанған батыр қыздарымыздың бірі-Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Шығыстың шынары»  атты ерлік сағаты өтті.