Балалар әлемі

Атаулы дата иелері

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Кітапханадағы жаз» демалыс орталығының жазғы оқу бағдарламасы аясында  «Атаулы дата иелері» тақырыбында «Балалық шаққа саяхат» - қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына, «Менің құрдастарым» - қазақ балалар жазушысы Саттар Ерубаевтың 105 жылдығына  арналып жаңа кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Менің қалам - Приозерск

2019 жылдың  25 шілдесінде   кітапхана алаңында ашық аспан астында   «Кітапханадағы жаз»  жазғы оқу демалыс бағдарламасы  аясында Қала күніне орай «Туған өлкем-неткен көркем» атты сурет салу байқауы өткізілді.

Құрметті балалар!

Құрметті балалар!  Біздің кітапханаға келіп, ұнаған журналдарыңызды оқи аласыздар. Сіздерді әрқашан асыға күтеміз!!!

 

Кітапханадағы жаз

    Жаз! Балалар мен ересектер үшін жылдың ең сүйікті уақыты. Көптен күткен демалыс  уақыты да келді. Көлде шомылып, саябақта серуендеп, басқа қалаларға қыдырумен қатар кітап оқуды да ұмытпаған жөн. Өйткені кітаптар біздің ең жақсы достарымыз.

Кітапханадағы жаз

 2019 жылдың 12 шілде күні Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсия жасап қайтты.  Кітапхана қызметкерлері балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырып,мерейтойлы кітаптарға шолу жасады.

Кітапханадағы жаз

2019  жылдың  9 шілде  күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар  кітапханасында «Dana» зияткерлік дамыту орталығының жаз,ы лагерьдің балаларына экскурсия жасалды. Балалар ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, жаңа кітаптармен танысты.

«Кітапханаға саяхат»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 14 маусым  күні   №1 мектеп қарамағындағы жазғы лагерьдің 1-2 сынып аралығындағы  балаларға экскурсия жасалды. Оған 22 бала қатысты. 

Кітапханаға саяхат

2019 жылдың  13 маусым  күні  №2 мектеп жалпы орта білім  беретін мектебі кешенінің  жазғы  сауықтыру лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге  қалалық  кітапханаға экскурсияға келді. Экскурсияға 1-4 сынып оқушылары қатысты Кітапханашылар экскурсия  барысында  балаларға балалар бөлімі кітапханасымен және «Атамұра» қоғамдық бірлестігімен таныстырды.

Біз бақытты балдырған»

2019 жылдың 31 мамыр күні 1-маусым  Балаларды қорғау күніне орай,  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімі «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілік ұйымдастырылған болатын. Іс-шара қалалық «Балақай» бөбекжай-бақшасында өтті.

Алаш айбындыларының рухына тағзым

2019 жылдың  31 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде  Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарымызды еске алу күніне орай «Алаш айбындыларының рухына тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қаладағы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығы және қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты.